Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


ТҮРКІСТАН – ТАМЫРЛАСТЫҚ ТҰҒЫРЫ



Pdf көрінісі
бет157/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   407
Байланысты:
udt

ТҮРКІСТАН – ТАМЫРЛАСТЫҚ ТҰҒЫРЫ

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Бұл  баршаға  белгілі,  биыл  туғанына  125  жыл  толып,  түрк  жұрты  төріне 

шығарып отырған Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабайұлының әйгілі жыры. 

Жалпы,  кездейсоқтық  деген  болмайды,  биыл  Түркістанды  ең  көп  жырға  қосқан 

Мағжан  ақынның  мерейлі  датасымен  бірге  тұтас  түрк  жұртының  тарихи  бесігі 

Түркістанның да төрге озған жылы болып тұр. Түркістанның облыс орталығына 

һәм облыс атауына айналуы шын мәнінде түрк дүниесінің тарих сахнасында қайта 

түлеуі, рухани жаңғырудың үлкен жетістігі. Сананың сілкінуі, жадының жаңғыруы, 

ұлттық кодтың ұранға айналуы осы болса керек! Сөзді Мағжанның «Түркістан» 

атты атақты жырымен бастаған едік. Осы жырында дауылпаз ақын «Түркістан» 

деп бір қаланы меңзеп отырған жоқ; шабыты шалқар шайыр Тәңірінің несібіне, 

ер түрктің бесігіне, екі дүниенің есігіне балаған қасиетті жер ретінде түрктер елі 

–  Тұранды  айтып  отырғаны  анық

335


.  Оның  айқын  айғағын  жоғарыдағы  алғашқы 

шумақтан кейін іле-шала келетін «Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер 

түрігім туып-өскен» деген жолдардан да анық көруге болады. Мұстафа Шоқайдың 

тұтас  Түркістаны

336

  да  Орталық  Азияны  толық  қамтитын  үлкен  ұғым  болатын. 



Тарихтың тамырына қан жүгіртіп қарар болсақ, Түркістан атауы ерте кезеңдерге 

бастап барады. Мұрағат іздері сонау Қытай қорғанынан Каспийге, Орал тауынан 

Ауғанстанға  дейінгі  ұлан-ғайыр  аймақты  Түркістан  деп  атағанына  куәлік  етеді. 

Түркістан жалпы, Орталық Азияда дәуірлеу дәуірімен бірге көтеріліп келе жатқан 

атау. Бұрын Тұран деп те аталған түрктер елі Түркістан – негізінен мұсылман-түрк 

өркениетінің де бесігі саналады. 

Түркістан  атауы  алғаш  Шығыс  Түркістан  жерінен  табылған  639  жылы 

соғды  жазуымен  тасқа  қашалған  көне  құжатта  кездеседі

337

.  Көне  армян  жазба 



ескерткіштерінде  Жейхун  дариясының  жоғары  тұсынан  Түркістан  жерінің 

басталатыны  баяндалса

338

,  парсы  деректерінде  Солтүстік  Ауғанстан  мен 



Амударияның  да  Түркістан  аумағына  қарағаны  жазылады

339


.  Сондықтан  да 

ежелгі Тұран атауының Түркістан болып өзгеру кезеңін ислам дінінің таралуымен 

байланыстыратын қазіргі қалыптасқан қағида шеңберінен шығып, оның бастауын 

ерте дәуірлерден іздегеніміз жөн шығар. Жоғарыда көрсетілген деректер негізінде 

335

 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2006. – 704 б.



336

 Қыдыралиев, 2007. – 320 б.

337

 Бобоёров, 2004. -40-43 бб.



338

 Тер-Мкртичян, 1979. с. 60.

339

 Pahlavi Texts: The Bundahis-Bahman Yast, and Shāyast lāShāyast. Translated by E.W. West. BSE. Vol. 



5, Part 1, Delhi 1987, с. 41.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет