ҰЛЫ ДАЛА тарихы
180
ҰЛЫ ҒҰН ИМПЕРИЯСЫ
Ғұндар туралы жазба деректер қытай жылнамаларында жақсы сақталған.
Тарихи жазба деректерде ғұндардың бір кездері көрші ел Хань патшалығымен
(қытайлықтармен) 500 жылға жуық терезесі тең дәрежедегі халықаралық қарым-
қатынаста болғандығын, тіпті қуаты күшейген жылдары ханьдықтардан тұрақты
алым-салық алып тұрғандығы баяндалады. Əсіресе Ұлы Мөде қаған тұсында
ғұндар мемлекеті алып империяға айналады.
Ғұндардың ең жоғары билік иесінің атақ-дәрежесі Тәңірі құт болды. Бұл
қытайша qutuqou
> құтұқұ (құтты, құтлықты) деп хатталған лауазымдық атақ
болатын. Ғұндардың наным-сенімі бойынша, барлық әлемнің жаратушысы
– Тәңірі адам баласын бір жүйеге келтіру үшін өзі таңдап «құт» (бақ) берген
билеушіге мемлекетті аманат етіп тапсырады деп түсінген. Осылайша билеуші
шыққан әулет (қаған отбасы) ерекше мәртебеге – Тәңірлік құтқа ие болатын.
Ғұн Тәңірқұтының алтын тәжі.
Ордос. Ішкі Моңғолия (ҚХР)
346
346
Genghis khan, 2004, 415. 70