ҰЛЫ ДАЛА тарихы
181
Қытай жазбаларында ғұн билеушілерін «Тэнли куту шаньюй» дейді, олар
аспанды «чэнли, тэнли» дейді, баланы «гуду, құты» деп, «шаньюй» дегені
«кең, ауқымды» деген мағынаны білдіреді деп түсіндіреді. Демек, осындағы
«tenli qutu shanyui> тәңірі құтты кең мықты иесі (сайын далалық егесі)» деген
мағыналы сөз болса керек. Мұндай әулеттер көне түрк-моңғол мемлекеттілік
дәстүрі
347
бойынша «altun uruγ>алтын ұрұғ (алтын ұрпақ, текті ру, киелі әулет)»
деп аталып, мемлекетті басқару тек солардың құзыретінде деп саналған. Ал
қарапайым рулардың мемлекетті басқару құқығы болмаған. Орта Азияның
көшпелі халықтарында: Азия ғұндарында Тү-кү, көктүрктер мен хазарларда
Ашина, Тоғыз-оғыздарда, ұйғырларда йағлақар, мажарларда (венгерлерде)
Кабар, Шыңғыс хан құрған империяда Қият руынан шыққан Бөржегін (Бөрітегін)
әулеті ғана билік тізгінін қолдарына ұстаған
348
. Мұндай қасиеті немесе құзыреті
жоқ әулеттер мен рулардың мемлекетті басқаруға ұмтылуы ел ішінде толқуларға
себеп болып, бүкіл түрк-моңғол рулары оған қарсылық танытатын.
Ғұн аттарының тұяғы тиген жердің бәрін қаншалықты өз жері деп санаса да,
негізінде өздері тараған, қоныстанған жерді қасиетті, киелі мекен деп қараған.
Олардың мемлекеттік шекараларында өз тілдерінде «ordu>ордұ» (көне түрк
тіліндегі «orta>орта» немесе «ordu>ордұ (орда, орталық, әскер)» деген сөзден
туған) деп аталатын ерекше қоныстары болғаны жөнінде қытай жылнамаларында
жазылған
349
. Ғұндар әлемді төрт тараптан тұрады деп таныған.
Ғұндардың танымында төрт тараптың түспен белгілеген символдары: Батыс
(ақ) – Солтүстік (қара) – Шығыс – көк (сұр) – Оңтүстік – сары (қызыл) болған.
Сондықтан ғұндардың атты әскерлерінің батысы – ақ, шығысы – көк (сұр),
солтүстігі – қара, оңтүстігі – сары (қызыл) түсті жылқыларымен ерекшеленген.
Мемлекетті басқаруды осыған қарай бір жүйеге келтірсе де, басқару орталығы
ретінде өз ата-бабалары қоныстанған жерлерді «әлемнің орталығы» деп
санаған.
Ғұндардың дәстүрлі заңы бойынша, жер киелі саналып, оны әрбір ер-азамат
қорғауға міндетті болған. Ата-бабалары ежелден өмір сүріп, мемлекетін құрған
жерге айрықша құрмет көрсету дәстүрі ежелгі түрк халықтары ішінде, әсіресе
ғұндарда ерекше орын алған. Түрктердің отансүйгіштіктің ең тамаша үлгісін
Азия ғұн мемлекетінің (б.з.б. 214 ж. – б.з. III ғ.) негізін қалаушы Мөде қаған
көрсете білген. Мөде қаған алғаш таққа отырған кезінде (б.з.б. 209) ғұндардың
көршісі шығыс шекарасындағы Дунхулықтар соғысуға сылтау іздеген болса
керек, одан мың шақырымға шаба алатын әйгілі тұлпарын сұрайды. Қағанның
айналасындағылардың бәрі бұл талаптың орындалуына, арғымақ аттың
берілуіне үзілді-кесілді қарсы болады. Алайда Мөде, бәлкім уақыт ұтқысы
келген болар, елшіге өзінің сүйікті тұлпарын береді. Дунху билеушісі екінші рет
347 Golden, 2002, S. 119-120.
348
Koca, 2002, S. 823–844.
349
Дыбо, 2007, С. 91.
|