ҰЛЫ ДАЛА тарихы
182
елші жіберіп, Мөденің сұлу әйелін сұратады. Мөде уәзірлерінің наразылығына,
қарсылығына қарамастан, әйелін де береді. Сұратқандарының бәрін бергеніне
масаттанған Дунху билеушісі үшінші рет елші жіберіп, Ғұндардың құнарсыз,
бос жатқан жерлерінің бір бөлігін сұратады. Мөде тағы да мемлекеттің басқару
кеңесін жинап, құрылтай өткізеді. Мемлекеттің маңызды тұлғаларының бір
бөлігі ат пен әйелден де құнсыз аталмыш құнарсыз жантақ өсетін шөлейт жерді
дұшпанға беруді ұсынады. Сонда Мөде ашуланып: «Тұлпар пен әйел менің
жеке мүлкім болатын. Сондықтан бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |