Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет166/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

185 


ҰЛЫ ТҮРК ҚАҒАНДЫҒЫ

Ұлы  даладағы  мемлекеттілік  дәстүрлерінің  түрк  дәуірінде  жалғасын 

табуы Түрк қағандығы құрылып, Орталық Азияда қуатты империяға айналған 

кезеңмен  байланысты.  Түрк  қағандығының  негізін  салушы  Бұмынның 

мемлекеттің  баянды  болуы  үшін  реформалар  жасағаны  тарихтан  белгілі. 

Сол себептен де мемлекеттің негізін қалыптастырған, мемлекеттілік дәстүрді 

жаңаша жаңғыртқан Бұмын қағанға «Ел қаған (мемлекеттің қағаны)» деген атақ 

берілді. Қытай деректерінде Бұмынның осы атағы «Или кэхань» деп хатталды. 

Осы  тараушада  Түрк  қағандығының  құрылуын,  оның  Батыс  және  Шығыс 

қанаттарға  (кейін  қағандықтарға)  бөлінуі  мен  түрк  қағандарының  мемлекетті 

өркендету жолындағы атқарған іс-әрекеттерін, яғни ұлы далада 200 жылдан 

астам салтанат құрған мемлекеттілік тарихын баян етеміз. 

Көне түрктердегі мемлекеттік жүйенің негізгі факторларының бірі – жердің 

(қоныс,  өлке)  қасиетті  болып  саналатындығы  Орхон  жырларында  жақсы 

баяндалған. Əсіресе ата-бабалардың өмір сүрген ең алғашқы қонысы, саяси 

бірлестік  құрған  аймағы  немесе  басқару  орталығы  осы  тұрғыдан  айрықша 

маңызға ие болатын. Шындығында, Орхон жазба ескерткіштерінде қағандар өз 

мемлекетінің жері туралы «Ыдұқ Йер-Сұб» – «Қасиетті ұйығы мол Жер-Су (ел, 

отан)» деп баяндаған, «Ел басқарар жер – Өтүкен қойнауы (орманы) екен...», 

«Түрк  қағаны  Өтүкен  орманында  отырар  болса,  елде  қайғы-мұң  (құлдық, 

қиыншылық) болмайды...» деп, салмақты өсиет қалдырған.

358


Əлемнің  төрт  бағыттан  тұратындығына  байланысты  көзқарас  көне  және 

орта  ғасырларда  көптеген  халықтарда  кеңінен  таралған.  Көне  түрктердің  өз 

елдерін «мемлекеттің орталығы», «әлемдік мемлекет» деп қабылдауларына 

байланысты түсініктер ұлы империяларды құрған көптеген елдерде, әсіресе 

түрктермен іргелес жатқан халықтар арасында кездесетін. Бұған қоса түрктер 

тарапынан  құрылған  үлкен  қағандықтарға,  әсіресе  Көктүрк  қағандығына  тек 

қана  осы  әулеттің  құрушысы  көктүрктердің  өздері  емес,  қағандыққа  көрші 

шекараларда өмір сүріп жатқан халықтарға да ұлы «әлемдік» мемлекет ретінде 

қараған.  Осы  кезеңдерде  Еуразиядағы  геосаяси  үдерістер  де  аймақтағы 

төрт  империя  –  Византия,  Сасанидтік  Иран,  Көктүрк  қағандығы,  қытайдың 

алғашқыда Сүй, кейіннен Таң патшалық әулеттерімен байланысты бой көрсетті. 

Аталған мәселе кезеңнің жазба деректерінде «әлем билеушілері» түсінігінде 

кездеседі

359


.

358


 Ölmez, 2013, S. 92, 98.

359


 Хатамова, 2009, С. 3




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет