Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет174/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   407
түрк,  түрктер 

деген ортақ атаумен танылғандығын Орхон жазба ескерткіштері растайды. 

Көктүрк қағандығының мемлекеттілік концепциясының негізгі тұғырларының 

бірі мемлекетіліктің негізін қалаған әулет пен биліктегілер шыққан түрк этносына 

сүйенеді.  Қытай  жылнамаларында  Көктүрк  қағандары  лауазымдарының 

бірқатарына  Ta  Tu-jüe  («Ұлы  түрк»)  сөзі  қолданылған

370

.  Осыған  ұқсас  басқа 



мәліметтер  көктүрктердің  өз  мемлекетін  Uluγ  Türük  qaγanlïγ  >  Ұлы  Түрк 

қағандығы деп атағандарын көрсетеді. Қағандыққа байланысты тағы бір сөздің 

368


 Harmatta, 1996, 367–401; Inaba, 2005, P. 1–19. 

369


 Karakaş S. İlk ve Orta Zamanlarda Devlet, Ülke ve Millet fikri // http: //www.Altayli.Net

370


 Бичурин, 1950, C. 237.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

191 


бактриялық құжаттарда көрініс табуы бұл болжамды дәлелдей түседі. Мысалы, 

710  жылғы  бактрия  тіліндегі  құжаттағы  «στορογο  τοροσαν  ζοοισλογο»  (Doc  T) 

деген жазуды Н.Симс-Вильямс «Ұлы Түрк періштесі» деп аударған 

371


. Аталған 

құжаттағы  «Ұлы  Түрк»  сөзі  Көктүрк  қағандығын  меңзейді.  Себебі  бұған  ұқсас 

бактрия  тіліндегі  басқа  да  құжаттарда  әуел  баста  құжат  жазылған  аймақ  пен 

биліктегілер туралы мәлімет беріліп, көбінесе «қағанның Елтебері басқаруында 

жазылды» деген сөйлеммен басталады. 

Kөктүрктердің өз мемлекетін Ұлы Түрк қағандығы деп атағанындай, Шыңғыс 

хан  мемлекетінің  билеушілері  де  өз  империясын  Yeke  Moŋγol  Ulus  («Ұлы 

моңғол  ұлысы,  ұлық  моңғол  мемлекеті»)  деп  атағандығы  белгілі

372

.  Мұның 



дәлелі  ретінде,  Шыңғыс  қағанның  тақмұрагері  Өгедей  болса,  оның  ұлы  Күйік 

қағаннан  Рим  папасы  4-шi  Иннокентийге  (1195-1254  жж.)  жіберген  жарлықты 

хатына  назар  аударайық.  Хат  мәтіні  араб  жазуымен  орта  түрк  және  парсы 

тілінде аралас жазылған. Ал хатқа екі рет көне моңғол мәтінді қызыл бояулы 

төрт бұрыш пішінді мөр басылған. Аталмыш құжатты 1920 жылы Ватикан құпия 

архивінен поляк попы Крилл Кавалевский анықтаса, мәтінін алғашқы зерттеген 

француз ғалымы П.Пелио

373


 болатын. 

Ал хаттың бастапқы араб графикалық екі жолы ортағасырлық түрк тілінде: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет