ҰЛЫ ДАЛА тарихы
186
Көне түрктер, түрк тектес тайпаларды біріктірген жағдайда «әлемдік»
мемлекет құра алатындықтарын түсінді. Көне түрк жазбаларында қағандардың
басқа түрк руларымен болған қандай да бір соғыстың жай-жапсарын, себебін
баяндаған кезде оларды «Tүркім еді» немесе «Өз бұдыным (халқым) еді» деуі
көңіл аудартады. Əсіресе Орхон жазбаларында түргештерге қарсы жүргізілген
жорықтарды баяндаған кезде «Түркім бұдыным еді» деген сөйлем кездеседі.
Тағы бір жыр жолдарында «екінші» Шығыс Түрк қағандығының билеушісі
Білге қаған (716-734 жж.) түрк бектері мен халқына қарата «Түрк Сір, Тоғыз-
Оғыз бектері» деп бастауы немесе «Tоғыз-оғыз өз халқым еді» деген сияқты
сөйлемдердің кездесуі осыған мысал бола алады
360
.
Түрк халықтарының үш үлкен құрлықта: Азия, Еуропа және Африкада
үлкен мемлекеттер құруына негіз қалыптастырған себептердің бірі олардың өз
саяси құрылымдарын әлемдік тетік ретінде көрулеріне байланысты болатын.
Негізінде осыған ұқсас немесе бұдан өзгешелеу пікірлер сол кезеңнің көптеген
халықтарында байқалады. Ерте ортағасыр дереккөздеріне сүйенген көптеген
зерттеушілер VІ ғасырда әлемдік төрт империя болған, солардың бірі Көктүрк
қағандығы дейді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, алғашқы белгілері мен іргелі негіздері ежелгі
ғұндарда кездесетін «отан, мемлекет, ел» түсінігі көктүрктерге де ұласып,
тұрақты ұғымға айналды. Бұл мәселеге байланысты Орхон жазбаларынан
бірнеше мысалдар келтіруге болады. Көне түрк жазбалары жаңа және ұлы
қағандарының Тәңірі тарапынан түрктерді басқаруға жіберілгендігін айтқан
кезде оған не себеп болғанын да көреміз. Олар Тәңірдің Түрк қағанының «Жер-
Суы» иесіз қалмасын деп жіберетіндігіне сенген
361
. Мәтінде айқын болғандай
түрктер өмір сүрген, билік жүргізген «Жер-Су» тек қана түрк қағандары
тарапынан басқарылуы керек деген ұстаным болды. Бұл жерлер түрктердің
аталары (ғұндар) басқарған жерлер саналатын. Сол себепті де «түрктердің киелі
Жер-Суы, түрк халқы жойылып, жоқ болмасын деп» түрктерді қорғағандығы
Орхон жазбаларында баяндалған. Осындай жазбаларды орнатқан қағандар
мемлекеттің керемет күшке ие екендігін қоғамға баяндайды. Жаңадан жаулап
алынған елдердің шынайы иелері де түрк қағаны ретінде көрсетілетін. Түрк
мәдениетінде отан түрк туының немесе көк байрағының желбіреген жері
саналады. Жаңадан жаулап алынған жерлерді Орхон жазбаларында: Ілгері –
Қадырқан қойнауынан аса халықты осынша қондырдық, осынша еттік. Кері
– Кену тарманға дейін түрк халқын осынша қондырдық, осынша еттік,
–
деген»
362
сөздерінің жазылуы осының айқын белгісі.
360
Tekin, 2003, S. 53‚ 67‚ 71.
361
Karakaş S. İlk ve Orta Zamanlarda Devlet, Ülke ve Millet fikri // http: //www.Altayli.Net
362
Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005.
|