Тәңірінің күшін-де! Ұлық ұлыстың «талай үлкен теңіздің» ханы жарлығымыз!
(теңіз, мұхит)), yeke> йеке «игі, игі ірі, үлкен, ұлық» мағыналы тұлғасындағы
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
192
Күйік қағанның жарлықты хаты. (Өлшемі:15,4х15,7см)
(П.Пелионың зерттеуі бойынша , Pelliot, 1923: Pl-I. )
Kөктүрк қағандығына байланысты осы тәрізді саяси терминдер Орхон
ескерткіштері, қытай жылнамалары, соғды және бактрия тіліндегі құжаттарда,
тіпті басқа шығыс, батыс тілдерінде жазылған деректерде де қағандықты
атайтын этникалық немесе географиялық термин ретінде қолданылған.
Қытай жылнамаларында түрктердің тілі, жазуы, дәстүрі, заңдары мен әскери
құрылымдары, мемлекет басқару жүйесі түгелдей ғұндардан жалғасқандығы
ерекше баяндалады. Қытай деректері түрктерді «ғұн» деп атаған. «Чжоу
кітабында»: «түрктер – ғұндардың бір тармағы. Билеуші тайпасы – Ашина.
Олар өз алдына ұлыс құрды», - дейді
374
. Ұлы Ғұн империясының, шынында да,
тікелей мұрагерлері осы көктүрктер еді. Қытайдың «Сүй шу» жылнамасының
49-баянында Ашина тайпасы Қытайдың солтүстігін мекендеген байырғы
ғұндардың бір жұрнағы екендігі жазылады
375
. Келтірілген деректерге сүйене
отырып, Түрк қағандығының негізін қалаушы Бұмын бастаған Ашина әулеті Ғұн
тәңірқұттарының ұрпақтарынан таралды деп болжам жасауға болады.
374
Қайыркен, 2014, 7-8 бб.
375
Салғараұлы, 1999, 314 б.