Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет173/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

190 


әулеті  (630-750  жж.),  Тохаристан  Ябғулары  (620-740  жж.)  және  Кабул  Тегін-

шахтары (630-843 жж.) сияқты әулеттердің биліктері құрылды

368

. Олардың арғы 



тегі  Ашина  әулетінен  тарайтын  еді.  Осы  кезеңдерде  Хазар  (Каспий)  теңізінің 

оңтүстік-шығысында Дихистан, Гүрган және Мерв (қазіргі Түркменстан) жерлері 

де Көктүрктердің билігіне қарады.

Осыншалықты  үлкен  территорияда  шамамен  200  жылдай  үстемдік 

құрған  және  өз  кезеңінде  барлық  түрк  руларының  басын  қосып,  бір  саяси 

мүддеге  біріктірген  Көктүрк  қағандығының  тағы  бір  мақсаты  –  жаулап  алған 

жерлерін  тәртіпке  келтіру,  сол  жерлерді  отанға  айналдыру  болды.  Мұндай 

дәстүр Көктүрктерден бұрын Ғұн империясында бастау алған болатын. Мөде 

қаған  Қытайды  жаулап  алуға  тырысты.  Алайда  саны  көп  халықты  иемдене 

алмайтындығын, керісінше өз халқының қытай ықпалында қалып қоятындығын 

және  қытайланып  кететіндігін  ойлап,  ол  ниетінен  бас  тартты.  Қытайды  тонау 

оңай, алайда ол жерлерді мекендеп қалса, алдыңғы Орталық Азия көшпелілері 

сияқты жоқ болып, жұтылып кететін еді. Байқағанымыздай, бір жерді бағындыру 

маңызды  емес,  маңыздысы  сол  жерді  ұстап  тұру  болатын.  Бұл  да  тек  қана 

белгілі  бір  халықтың  сол  жерге  орналастырылуымен  мүмкін  болады.  Мұны 

қазіргі  кездерде  «қоныстану»  деген  сөзбен  түсіндіруге  болады.  Мысалы, 

Батыс  Түркістанға  қоныстандырылған  Көктүрк  тайпалары  тайпа  билеушісінің 

басқаруымен шағын мемлекет құрды. Уақыт өте келе бұл жерлердің шекарасы 

кеңейген сайын ол да өз аймағында басқа түрк халықтарына жер беретін еді. Tүрк 

мемлекеттілік дәстүрінде мұның атауы - «орын». Орналастырып, қоныс бөліп 

беру жүйесі Оғыз ханнан бастау алып, ислам дінін қабылдаудан бұрын және кейін 

де барлық түрк мемлекеттерінде жалғасын тауып отырған

369

. Бұл дәстүрге сай 



түрктер байырғы әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, сол жақтарды өздеріне мекен 

еткен.  Байқағанымыздай  мекен,  қоныс  (атамекен)  түрк  мемлекеттілігі  және 

билік  түсінігінің  бөлінбес  бір  бөлшегі  болып  табылады.  Осылайша  солтүстік-

батыс Қытайдан Қаратеңіздің солтүстігіне дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан 

аумақ  тұрғындары  әр  түрлі  ру  атауларына  ие  болумен  қатар, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет