Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет176/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

193 


ЕКІНШІ ШЫҒЫС ТҮРК ҚАҒАНДЫҒЫ

Құтлық  Елтеріс  қаған  кезеңінде  Түрк  қағандығы  («Екінші  шығыс»  Түрк 

қағандығы

376


) шекаралары батыста Алтай тауларын, солтүстікте Оңтүстік Сібір, 

солтүстік-шығыста  Керулен  және  Онон  өзендерінің  алқаптарын,  оңтүстікте 

Қытайдың солтүстік аймағын өз қарамағына қаратқан үлкен империяға айналды. 

Орхон  бойындағы  Білге  қаған,  Күлтегін,  Тоныкөк  және  Ел  Eтміш  ябғу 

(Онгин)  сынды  ескерткіштерінде  көктүрктердің  тәуелсіздік  күресін  жүргізіп, 

табғаш-қытайлықтар құлдығынан құтылуы және қайтадан құдіретті мемлекетке 

айналуы  туралы  нақты  мәліметтер  бар.  Тоныкөк  ескерткішінде  және  қытай 

жылнамаларында атап көрсетілгендей, Табғаштың (Қытай) солтүстігінде Шұғай 

құзы және Қарақұм қоныстарында (бүгінгі Хангай таулары және Хуанхэ өзенінің 

солтүстігіндегі  аймақтарда)  өмір  сүрген  Көктүрк  ұрпақтары  Ел-Қағанның 

(қытайша Helu> Хелу, 620-630 жж.) алыс туыстарынан тұдұн дәрежелі Құтлық 

(Елтеріс)  басқаруымен  тәуелсіздік  үшін  табғаш-қытайлықтарға  қарсы  бас 

көтерді. Ол туралы Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштерінде: «Күллі түрк халқы 

былай  десті:  «Елді  халық  едім,  Елім  қазір  қайда?  Кімге  Ел-жұрт  іздермін? 

Қағанды  халық  едім,  Қағаным  қайда?  Қандай  қағанға  күш-қуат  беремін?» 

десті.  Осылай  деп  табғаш  халқына  жау  болды...  Жауы  болып,  қолдарынан 

түк келмей, қайта бағынды. Бүйтіп күш-қуат бергілері келмеді. Түрк халқы: 

«Қырылайық, жойылайық» десті. Ажалға жылжи бастады, Көкте Түрк Тәңірісі, 

Түрктің  қасиетті  Жері-суы  былай  депті:  «Түрк  халқы  жойылмасын»  дейді. 

«Ел  болсын»  дейді.  Әкем  Елтеріс  қағанды,  шешем  Елбілге  қатынды  Тәңірі 

төбесіне ұстап жоғары көтерген екен. Әкем қағанға он жеті ер еріпті. Шетте 

жорытып  жүр  дегенді  естіп,  қаладағылар  далаға  беттеді,  таудағылар 

таудан  түсіп,  жиналып  жетпіс  батыр  ер  болды.  Тәңірі  қуат  берген  соң, 

әкем  қағанның  әскері  бөрідей  болыпты,  жаулары  қойдай  болыпты.  Ілгері-

кейін аттанып, жинапты, көтеріпті. Қолы жеті жүз ер болыпты. Жеті жүз 

ер болып, елсіреген, қағансыраған халықты, күңденген, құлданған халықты, 

түрк  иелігінен  айырылған  халықты  ата-баба  мекеніне  қайта  орнатты» 

(Күлтегін, шығыс беті мәтіні 8-12 жолдар;  Білге қаған, шығыс беті мәтіні 8-12 

жолдар)

377


..

376


  Отандық  және  шетелдік  тарихнамалық  әдебиеттерде  «Первый  тюркский  каганат»,  «Восточный 

тюркский кагант», «Екінші шығыс Түрк қағандығы», «Түрк алғашқы қағандық» (552-630), «Түрк кейінгі 

қағандық» (680-744) деген секілді атаулар қалыптасқан. 

377


 Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет