Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет185/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

203 


болмағандықтан, кесіп айту қиын. Дегенмен, қалай болған күнде, әулие атаның 

бүгінгі  Қарахан  мазарында  жатқан  әулие  екені  және  оның  Қарахан  әулетінен 

шығып, ғасырлар бойы халық жадында сақталып, бүгінге жеткені әмбеге аян.

Қарахан баба мен оның жары Айша бибінің кесенесінің Қарахан мемлекеті 

тұсынан қалған асқақ сәулет туындылары екеніне дау жоқ. Ерекше тоқталарлық 

жайт, Айша бибі кесенесі әйелге арналған әлемдегі алғашқы кесенелердің бірі. 

Анаға арналған бұл кесененің Тараз маңынан бой көтеруі – мұсылман дінін берік 

ұстанып, иман келтіріп, Құран мен хадиске қалтқысыз сенген бабаларымыздың 

«жұмақ – аналардың аяғының астында» деген пайғамбар сөзін терең түсініп, 

ұғынғанынан  да  болар.  Осы  ретте,  сөз  орайы  келіп  тұрған  соң  айта  кетерлік 

жайт  –  ауызша  айтылып,  ел  арасында  сақталған  кейбір  аңыздарда  Айша 

бибінің сөз байласқан Қарахан батырды күтіп алу үшін әкесінің рұқсатын алмай, 

тіпті теріс бата алып, қарғыс арқалап жолға шыққаны және жолығысар сәтте 

ажал  құшқаны  айтылады.  Қысқаша  осындай  мазмұнда  болып  келетін  аңыз 

негізінде тіпті, бертініректе көркем шығармалар да жазылды. Аңыз түбі – ақиқат 

дегенімізбен,  бұл  жайтта  сол  кездегі  таным-түсінік  пен  дәстүрге  қиғаштау, 

сондықтан тарих пен ақиқатқа жат тұстардың бар екенін айта кеткіміз келеді. 

Өйткені  біріншіден,  Айша  бибі  –  Зеңгі  бабаның  қызы  деген  сөзге  күмәнмен 

қараған жөн секілді. Қарахан баба мен Айша бибі кезеңі Қожа Ахметтің әйгілі 

шәкірті,  бүкіл  түрк  жұртына  құрметті  Зеңгі  бабадан  бұрын  өмір  сүрсе  керек. 

Қалай болған күнде, аңыздан басқа Айша бибінің Зеңгі бабаның қызы екенін 

әйгілейтін  дерек  жоқ.  Екіншіден,  солай  болған  күннің  өзінде  қазақ  «сиырдың 

пірі»  деп  құрмет  тұтатын,  сопы,  тақуа  кісінің  де,  әкенің  ұлағатты  тәрбиесін 

көріп өскен қызының да шариғатқа жат, мұсылманға сай келмейтін оғаш қылық 

көрсетуі неғайбыл. Тіпті Əнуар ана сияқты қастерлі, абзал ананың еріне қарсы 

келіп, шаптығып сөйлеуі – көкейге қонбайтын іс. Бұл орайда біздің айтпағымыз, 

дінді берік ұстанып, оның шарттарын мүлтіксіз орындаған Қарахандық дәуірде 

және кейінгі ғасырларда да талай ғұламалар, тақуалар мен имамдар дүниеге 

келген Тараз өңірінде халықтың әке қарғысын арқалаған қызды әулие тұтып, 

оны ғасырлар бойы асқақтата дәріптеуі мүмкін емес.

Сонымен  қатар  Талас  өзенінің  аңғарына  орналасқан  Тектұрмас  әулиенің 

мазары да көнеден жеткен жәдігерлердің бірі. Тектұрмас әулие туралы және оның 

мазарының жергілікті халық тарапынан ерекше құрметке ие екені жөнінде кезінде 

генерал-майор Черняев өз жазбаларында баян еткен

398

. Енді бір дерек көздері 



Тектұрмас әулиенің Қарахан әулетіне күйеу болғаны жайында сыр шертеді. Бұл 

да бұлтартпас айғақ емес, ауызша айтылып, халық жадында сақталып қалған 

шежіре-әңгімелердің  бірі  болса  керек.  Десек  те,  біздің  ойымызша,  Тектұрмас 

әулие  расында  Қарахан  әулеті  тұсында  өмір  сүруі  және  қуатты  отбасынан 

шығуы  әбден  мүмкін.  Өйткені  қазіргі  мазар  орналасқан  жер  –  Талас  өзенінің 

398


 Путевые дневники и служебные записки о поездках по южным степям. XVIII-XIX века, 2007. 351 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет