Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет184/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

202 


ислам  әлеміне  танымал  болған  еді.  Ерекше  айта  кетерлік  жайт,  шейх  Ахмет 

Құдайдат Таразидің «Фунун ал-балаға» атты кітабы әдебиет теориясы бойынша 

жазылған тұңғыш еңбек болып табылады. 

Ал  жұрт  кейін  қаланың  атауын  байланыстырып  «Əулие  ата»  деп  атап, 

ерекше  қадір  тұтқан  кісі  де  –  жалпы  ислам  діні  мен  сопылық  әдебиеттерде 

аты құрметпен аталатын, сопылық ілімнің діңгектерінің бірі болса керек. Олай 

дейтініміз – әулие деп негізінен сопылық жолды ұстанған, шариғат пен тариқатты 

үндестіріп,  ақиқатқа  қол  жеткізген  тақуа  ғалым  һәм  сопыларды  айтады.  Кез 

келген сопы мен ғалымның әулие атануы тағы неғайбыл. Ендеше, Əулие ата 

– Қарахан бабаның Қарахан мемлекеті тұсында өмір сүрген һәм ерекше тұлға 

болғаны  белгілі.  Ресей  армиясының  подполковнигі  Лерхе  1864  жылы  жазған 

жазбасында  қаланың  тарихын  Əулие  атамен  тікелей  байланыстырады,  яғни 

қаланың көркейіп, нығая түсуінде әулие атаның үлкен үлесі болғанын тілге тиек 

етеді.  Ал  қаланы  жаулап  алушы  әскердің  басшысы  генерал-майор  Черняев 

болса, 1864 жылы 2 маусым күні аяқтаған жазбасында Қарахан әулиенің 700 

жылдай бұрын өмір сүрген мұсылман әмірші екенін айтып кетіпті

396

. О.Прицак, 



академик  В.В.Бартольд  сынды  ғалымдар  Қарахан  әулиені  Шах-Махмуд  деп 

дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар халық арасындағы аңыздарға сүйеніп 

жазылған  мұрағат  құжаттарының  бірінде  Қарахан  әулие  мен  Шах-Мансұр 

әулие атауы қатар кездесіп қалды. Бұл сөз де негізсіз емес. Өйткені Қарахан 

әулетін тұтастай билеп, өз дәуірінде ең құдіретті патша атанған шах Мансұрдың 

(Арслан  Иліг)  хан  Тараз,  Шаш  (Ташкент),  Ферғана,  Өзкент,  Хожент  және 

Бұхараға  әмірі  жүрген.  Оның  билігін  інілері  Тоған  хан  Ахмед  пен  Мұхаммед 

бин Али мойындап, билік тізгінін толық ұсынған болатын. Сондықтан Қарахан 

әулетінің тарихын зерттеушілер 1012/13 – 1024/1025 жылдары арасында билік 

құрған  шах  Мансұрды  ұлы  қаған  деп  дәріптейді

397

.  Өйткені  оның  патшалығы 



тұсында  Қарахан  мемлекеті  кемеліне  келіп,  толысқан  шағын  бастан  өткерді. 

Оның үстіне, ел басқарумен қатар Шах Мансұрдың ұлылығының тағы бір айғағы 

– оның ең құдіретті шағында тақтан саналы түрде бас тартып, өткінші дүниенің 

алдамшы қызығынан жырақ кетуі болса керек. Бәлкім, жалғанды жалпағынан 

басып  тұрып, пенденің  қолы  жетер  ең  жоғары  билікте  отырып, алтын  тақтың 

буына басы айналып мас болмай, оның пәни, өткінші екенін ұғынып, тақуалық 

жолды таңдап, сопылық жолға түсіп, жалғыз Жаратушымен жыраққа кеткен ұлы 

тұлғаны халық әулие тұтып, ал оның кесенесін ерекше қадірлейтіні сондықтан 

болар. Бұл да қисынға келеді. Сонымен қатар әулие атаның сопылық ілімнің 

аса көрнекті өкілі, рухани әлемнің құтып-діңгектерінің бірі, әйгілі Абд әл-Хасан 

Қарахани болуы да әбден мүмкін. Жалпы, бұл мәселеде бұлтартпас жазба айғақ 

396


 Путевые дневники и служебные записки о поездках по южным степям. XVIII-XIX века // История 

Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Том VI. Алматы. Дайк-пресс. 2007

397

 Бартольд, 1963, стр. 343.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет