ҰЛЫ ДАЛА тарихы
206
ЖАҢҒЫРҒАН ЖІБЕК ЖОЛЫ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ
Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің арасын жалғаған «Ұлы Жібек
жолы» арқылы түрк даласы әлемдік сауданың күре тамырына, дүниежүзілік
дипло матияның дәнекеріне айналғаны белгілі. Сондықтан көптеген ға лымдар
түрктерді жойқын бас қыншы емес, сауда-саттықтың, мәдени диалогтың
жебеушісі ретінде қарастыруды ұсынуда. Ғұн, Көктүрк, Қарахан және Алтын
Орда дәуірінде бұл жол Еуразия кеңістігіндегі мәдени, экономикалық, саяси-
әлеуметтік қарым-қатынастардың алтын арқауы болды. Тоғыз жолдың
торабы болған қазіргі қазақ даласы да осы жол арқылы дамыды, күш-қуаты
артып, қалалары өркен жайды. Ал жаңа балама жолдар мен теңіз тасымалы
белең алып, «Жібек жолы» өз маңызын жоғалтқаннан бастап Ұлы даладағы
империялар мен мемлекеттер әлсірей бастады. Экономиканың күретамырына
қан жүгірмегендіктен, елдің тұр ғындары босып, қалалар қаңы рап қалды. Оның
ақыры хандық тардың қирауына, басқаға бодан болуға апарып соқты.
Ұлы Жібек жолының адамзат тарихында алатын орны ерекше болғандықтан
түрлі елдердің көптеген мамандары мен ғалымдары бұл тақырыпқа үлкен
қызығушылық танытады. Түрк әлеміне байланысты зерттеулерге тікелей қатысы
бар ғылыми ұйым – Түркі академиясы да көптеген елдер мен халықаралық
ұйымдардың күн тәртібінде орын алатын тарихи Жібек жолына байланысты
атқарылған жұмыстарды жаңғыртуға мән береді. Жібек жолының тарихи,
мәдени және географиялық маңызына көңіл бөле отырып, көне Шығыс-Батыс
қатынас жолдарын қазіргі таңда қайта жаңғыртып жетілдіру Шығыс пен Батыс
арасындағы экономикалық, сауда-саттық және технологиялық ынтымақ пен
ықпалдастықты жүзеге асыру үшін мықты тетік болары сөзсіз.
Ең алдымен, Жібек жолына қатысты жоспарланған, энергетикадан тауар
тасымалына дейінгі мәселелерді қамтитын сауда-экономикалық жобаларды да
қоса есептегенде, тарихи Жібек жолын қайта қалпына келтіруге байланысты
түрк әлемі мен күллі әлемнің түрлі орталықтарында заманауи ізденістер
қарастырылып, халықаралық қауымдастықтың назарына ұсынылып жүргені
де мәлім. Сонымен қатар тарихи Жібек жолы бойындағы экономикалық
байланыстар мен сауда көпірлерін жаңғыртып күшейту Еуразия өңірі, әсіресе
түрк әлемі үшін экономика және геостратегия тұрғысынан зор маңызға ие.
Осы орайда, тарихи түрк мемлекеттерінің Жібек жолын қайта жаңғырту
бойынша Түркі кеңесі шеңберінде жауапкершіліктеріне алған және атқарған
маңызды жұмыстарына да тоқтала кеткен жөн. Бұл мәселеде ең алдымен,
Жібек жолын қайта жаңғырту бастамасы бәрінен бұрын түрк мемлекеттерінің
экономикасына, жалпы алғанда Еуразия өңіріндегі елдерге қандай пайда
әкеледі деген сұраққа жауап іздеу қажет.
|