ҰЛЫ ДАЛА тарихы
201
Қарлұқтар иелігіне өткен тұста Тараз
394
«Қарлұқ қапысы», яғни «Қарлұқ есігі»
деп атала бастаған еді. Кейін қаланы Саман әулеті басып алды. Бұл жайында
Əбубәкір Мұхаммед ибн Жафар әл-Наршаһидің әйгілі “Бұхара тарихы” деп
аталатын еңбегінде біршама айтылады. Аталған кітапта Əмір Насыр ибн Ахмед
қайтыс болғаннан кейін, халифаның әмірімен Мауренаһрдың әміршісі болып
тағайындалған Исмаил Ибн Ахмед 893 жылы Тараз қаласын алғанын, қаланың
қақпасы ашылып, қала басшысының ислам дінін қабылдағаны және шаһардағы
үлкен шіркеудің орталық мешітке айналғаны жан-жақты баяндалады. Бұл дерек
бізге Саман әулеті тұсында қаланың ислам дінін қабылдағанын айғақтайды.
Алғашқы мұсылман-түрк мемлекетінің бірі болып табылатын Қарахандықтар
Саман әулетін жеңіп, билік басына келген тұстан бастап Тараз қаласы көркейіп,
кемеліне келді. Атақты тарихшы Ибн әл-Асирдің айтуынша, Тараз қаласы Х
ғасырдың бас кезінде белгілі сауда орталығы болған. Сондықтан әл-Хорезми
Тараз қаласын «мәдинат ал-тужжар», яғни «сауда қаласы» деп атап көрсетеді.
Өйткені бұл кезде қалада сауда мен қолөнер және зергерлік жақсы дамыды.
Тараз қаласы туралы әл-Хорезми, әл-Хамадани, әл-Хамауи, әл-Мақдиси
және тағы басқа араб жиһангездері мен географтардың еңбектерінде көптеген
мәліметтер беріледі. Көз тартқан көркемдігі мен ерекше әсемдігі шаһардың
даңқын тіпті асқақтатып жіберді. Сөзімізге дәлел ретінде Тараз қаласына
Фирдауси, Рудаки сынды әлемге әйгілі шығыс шайырлары өздерінің өлең-
жырларын тарту еткенін айтсақ да жеткілікті. Міне, парсы ақыны Сузанидің:
«Сенің әділеттігің әлемнің әр шаңырағында,
Шын мен Тараздан да барғызар Қағбаға», – деп, немесе, шайыр Санаийдің:
«Барлық жандар Қағбаға қарай беттесе,
Жүрек құрғыр Қытай, Тараз сұлуына беттейді», –
деп жырлайтыны осы кезең. Бұл жайында профессор Мекемтас
Мырзахметұлы, Ислам Жеменей, Асқар Əбдуалиев сияқты белгілі ғалымдар
кезінде жеріне жеткізе жазды да
395
.
Шығыс шайырларының шаһарды жырға қосып, оны түрлі теңеулер ретінде
өз өлеңдеріне арқау етуі – сол кездері аруларымен аты шығып, әділеттігімен
әйгілі болған Тараздың тек саяси, экономикалық, мәдени және әдеби тұрғыдан
ғана емес, өркениетке бастар ғылым мен білімнің және имандылыққа жетелер
сенім мен сопылықтың қайнар көздерінің бірі болғанын көрсетсе керек. Өйткені
Əбу Саъд ас-Самани: «Бұрын да, қазір де бұл шаһардан көп имамдар мен
ғұламалар шыққан» деп атап көрсеткен Тараз қаласынан бұл кезеңде Абд Əмір
Усман ат-Тарази, Имам Əбу-л Қасым Махмуд ат-Тарази, Əбу-л Футух Абд әл-
Уахид ат-Тарази, шейх Ахмет Құдайдат Тарази және басқа ғұламалар шығып,
394
Сенигова, 1972, с. 15.
395
М.Мырзахметұлы, И.Жеменей, А.Əбдуалиев, 2002
|