ҰЛЫ ДАЛА тарихы
207
Тарихи Жібек жолы
Алдымен көне Жібек жолының Еуразиядағы тарихи маңызын айқындап
алу керек. Тарихи Жібек жолының Еуразия экономикасын жүздеген жылдар
бойы бір-біріне байланыстырып, сауда-саттық, мәдени және адами қарым-
қатынастарды дамытуға зор үлес қосқанын білеміз. Яғни, Жібек жолы тек осы
жолды пайдаланған саудагерлердің ғана емес, сонымен қатар білімнің, пікірдің,
діндер мен мәдениеттердің де жолы болды. Азия және Еуропа материктерін
бір-бірімен байланыстырған Жібек жолы тарихи маңызға ие болумен қатар осы
жолдың бойында құрылған сауда көпірлерінің де символына айналған. Яғни,
Жібек жолы шығыстың ең шеті мен батыстың ең шеті арасындағы жай ғана
жібек саудаланатын жол емес, институттанған сауда мәдениетінің де атауы.
Еуразия кеңістігінде өмір сүрген қоғамдар жүздеген жылдар бойы Жібек жолы
арқылы өнер және технология саласындағы жетістіктерін, сауда-экономикалық
тәжірибелері мен рухани-мәдени дағдыларын бөліскен, араласып құраласқан
және ортақ Еуразия экономикасын қалыптастырған. Жібек жолы тек қана
транзиттік сауда-саттық жолы емес, сонымен бірге жалпы Еуразия кеңістігіндегі
Қытай, Византия, Үндістан, Иран, Түрк, Ислам-Араб экономикалық жүйе мен
сауда түсініктері бір-бірімен ықпалдасқан орта болған. Жалпы, «дәмдеуіштер
жолы» мен су жолдарын да қамтыған Жібек жолы нарығы деген кезде Азия,
Еуропа және Африка аймақтарын ішіне алатын жаһандық құбылысты түсінген
жөн. Қазіргі таңда осыншама кең нарықта бірліктің қамтамасыз етіле алмауы
экономика жағынан үлкен проблема. Сондай-ақ Жібек жолына бөгет болған
халықаралық немесе саяси кедергілер Еуразия қауымдарының бірлесуіне
кедергі болуда және өзін жаһандық экономикадан оқшаулаған экономикалық
жүйелер қалыптастыруда.
Түрк әлемінің тарихи Жібек жолы тұрғысынан атқаратын рөліне назар
аударған жөн. Мәлім болғандай, Жібек жолы бағытының маңызды бөлігі
бұрынғы кезеңдерде де түрктер өмір сүрген аймақтан өтті. Түрктер сауда-
саттықтың қауіпсіз іске асуына мүмкіндік жасап қана қоймай, мәдени
құндылықтардың Жібек жолына таралуына үлес қосты, тіпті оларға рең беріп,
байыта түсті.
Бірнеше мың жылдық тарихы бар Азия өңірінде адамзаттың жетілуінде аса
маңызды рөл ойнаған қағаз, құбылнама, оқ-дәрі, жібек, фарфор, дәмдеуіш
сынды бағалы өнімдер ойлап тауып, Жібек жолы арқылы Шығыстан Батысқа
тасымалдады. Түрктер үшін Жібек жолының стратегиялық маңызы да, шүбәсіз,
зор. Орталық Азияны Қытайдың Батыс бағытында алғашқы байланыс құрған
және сауда-саттық жасаған жолы деп те айтуға болады. Көне Жібек жолы
|