Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет190/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

208 


бойында  өмір  сүрген  түрк  халықтары  да  өздері  өндірген  темір  өнімдері,  қол 

өнері бұйымдары, тері және ауыл шаруашылығы өнімдері, жебе, садақ, найза 

сынды  түрлі  қару-жарақтар,  арба,  үзеңгі  секілді  жылқы  малына  байланысты 

бұйымдарды Жібек жолы арқылы Шығыс және Батыс елдеріне жіберген. Түрктер 

бұл  жолдарда  әрі  сауда-саттық  жасаған  әрі  сауда  орындарын  ұстап,  бағалы 

металдарды сыртқа саудалаған. Яғни, түрктер Шығыс пен Батыстың арасында 

сол кезеңнің жаһандық экономикасының негізінің, ірге тасының бірі болған.

Жібек  жолы  мен  түрктер  Шығыс  пен  Батыстың  арасындағы  алшақтықты 

барынша  азайтуға  да  зор  үлес  қосқан.  Түрктер  үстемдік  құрған  кезеңдерде 

Жібек жолы жетілді. Жібек жолы жетілген кезде Еуразия халықтары арасында 

еркін  барыс-келіс  пен  еркін  сауда-саттық  мүмкіндігі  болды.  Өкінішке  қарай, 

түрлі  ресурстарды  пайдалану  және  бөлісуде  Орталық  Азия  елдері  өздеріне 

тиесіліні алудан құр қалды. Түрк үстемдігінің әлсіреуімен бірге Жібек жолы да 

маңызын жоғалтып, Шығыс-Батыс және оңтүстік-солтүстік бағыттарында сауда 

байланыстары үзілгенін, мәдениеттер арасындағы алшақтықтың көбейе түскенін 

айтсақ, қате айтқан болмаймыз. Өйткені адамдар мен қоғамдар бір-бірлерін тек 

таныған жағдайда қате түсініктер мен теріс ұғымдар жойылып, түрлі мәдениеттер 

бейбітшілік  пен  тыныштықта  өмір  сүре  алады.  Бұл  тұрғыдан  қарайтын 

болсақ,  Жібек  жолы  әлем  экономикасымен  қатар  жаһандық  тұрақтылық  пен 

бейбітшіліктің жалғасын табуында да зор маңызға ие болған. Жаңа су жолдары 

пайда болғаннан кейін Жібек жолы да өз маңызын жоғалтады. Жібек жолының 

ұмытылуы  негізінде,  Қытай  жетекшілік  еткен  Азияның  тоқырауымен  тікелей 

байланысты. Мәлім болғандай, XVII-XX ғасырларда Еуразияда экономикалық 

және мәдени ықпалдастықтың орнын жабық экономикалық жүйелер мен мәдени 

оқшауланулар иеленді. 

Соңғы 20 жыл ішінде Шығыс-Батыс автокөлік жолдары мен энергия көздерін 

тасымалдау құбырларының салынуымен бірге Жібек жолының маңызы қайта 

артып,  жағдай  болымды  бағытта  өзгеруде.  Мысалы,  Қазақстаннан  да  өтетін 

Батыс Қытай – Батыс Еуропа автокөлік жолы солтүстіктегі Транссібір темір жолы 

мен оңтүстіктегі Қытай Суэц каналы-Гибралтар бұғазы-Еуропа кеме жолымен 

салыстырғанда  әлдеқайда  ыңғайлы  және  экономикалық  тұрғыдан  тиімді. 

Сол  сияқты  энергия  көздері  мен  басқа  да  тауарларды  тасымалдау  үшін  іске 

асырылуы жоспарланған Қытай-Орталық Азия – Түркия – Еуропа бағытындағы 

байланыс және логистика жобалары да Шығыс пен Батыстың арасындағы Жібек 

жолын дамытуға оң ықпалын тигізуі мүмкін. Сонымен бірге солтүстік-оңтүстік 

бағытында теңізге беталу мақсатында Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір 

жол құрылысы тәмамдалды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет