Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет202/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

218 


2013 жылдың 3 шілдесінде Бакуде ұйымдастырылған Түркі кеңесінің І Көлік 

министрлері  жиынында  қол  қойылған  Бауырлас  кемежайлар  келісімшарты 

шеңберінде  Баку,  Ақтау  және  Самсун  кемежайлары  арасындағы  алғашқы 

жиынның  2014  жылдың  көктемінде  Самсун  кемежайының  ұйымдастыруымен 

өтеді деген шешімге келді. Самсун кемежайы аталған жиынды 2014 жылдың 

17-18 сәуір күндері өткізуді ұсынды.

2012 жылдың 28 қараша күні Измирде қол қойылған Жібек желі (Silk Wind) 

жобасының Ынтымақтастық меморандумы шеңберінде құрылған, бірақ бүгінге 

дейін  жиналмаған  Жұмыс  тобының  алғашқы  жиынын  2014  жылдың  алғашқы 

үш  айында  Бакуде  ұйымдастыру  шешілді.  Тараптар  сондай-ақ  Жұмыс  тобы 

жүргізетін жұмыстар шеңберінде аяқталатын «Жібек желі келісімшартына» 2014 

жылдың 19-21 мамыр күндері Астанада ұйымдастырылатын Түркі кеңесі Көлік 

министрлерінің ІІ жиыны кезінде қол қойылатыны туралы келісімге келді. Баку, 

Ақтау және Самсун кемежайлары арасында құрылатын «Бауырлас кемежай» 

қарым-қатынасының  алғашқы  жиынын  2014  жылдың  17-18  сәуір  күндері 

Самсун кемежайы өткізді. Жиын барысында тараптар кемежайлардың әлеуеті, 

кемежайлардан  өтетін  жүк  тасымалы,  Альят  және  Ақтау  кемежайларында 

жалғасып жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты мәлімет берілді.

Тараптар сондай-ақ Шығыс-Батыс жүк тасымалының артуы және АҚШ/НАТО 

күштерінің Ауғанстаннан шегінуі үрдісінде алуы мүмкін рөлдерге байланысты 

пікір  алмасты.  Самсун  кемежай  базасын  аралап,  техникалық  жабдық  және 

қызмет  түрлерін  орнында  бақылады.  Баку  және  Ақтау  кемежайларының 

жекешелендірілуіне  байланысты  мәлімет  берілді.  Осыдан  кейінгі  жиын 

Əзербайжандағы  Альят  кемежайының  ашылуына  байланысты  Бакуде  жүзеге 

асырылады. 

Каспий теңізіндегі Баку және Ақтау кемежайлары арасындағы қатынастың 

жүйелі түрде тұрақтандырылуы мақсатымен аталған кемежай басшылықтары 

арасында  Хатшылық  негізінде  басталған  кездесулер  жалғасуда.  Алғашқысы 

2013 жылдың 13-14 мамыр күндері Ақтауда жүзеге асырылған жиынның екіншісі 

жақында Бакуде ұйымдастырылады.

Көлік  министрлерінің  ІІ  жиыны  VІІ  Астана  Экономикалық  форумы  және 

Қазақстан көлік күндері шеңберінде 2014 жылдың 22 мамырында Қазақстанның 

ұйымдастыруымен Астанада өтті. Жиын барысында тараптар Түркия жағынан 

дайындалған  Аралас  тасымал  келісімшарты  жобасына  байланысты  пікір 

мен  ұсыныстарын  ең  қысқа  уақытта  хатшылыққа  жолдау,  тараптар  келісетін 

мәтін  дайындалғанға  дейін  кездесу  мен  келіссөздерді  жалғастыру  шешімін 

қабылдады.  Баку,  Ақтау  және  Самсун  кемежайлары  арасындағы  Бауырлас 

кемежай қарым-қатынасына Түрікменстанның Түрікменбашы кемежайын қосу 

шешімі қабылданды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет