Заманауи Жібек жолы шеңберіндегі туристік жобалар
Жібек жолы жобасына байланысты Габалада өткен Түркі кеңесі Мемлекет
басшыларының ІІІ Саммитінде Түркия өткізетін ІV Саммиттің «туризм
саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында болуына байланысты тапсырма
берілді. Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының Түрктілдес мемлекеттер
ынтымақтастық кеңесінің «туризм саласындағы ынтымақтастық» тақырыпты ІV
Саммиті Түркия Республикасының ХІ Президенті Абдулла Гүлдің шақыруымен
2014 жылдың 5 маусымында Бодрумда жиналды. Абдулла Гүл «Ұлы Жібек жолы
бойындағы туризм түрк халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайту
үрдісінде маңызды рөл ойнаумен қатар, бауырлас мемлекеттер арасындағы
экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету арқылы ортақ құндылықтарды
қалыптастыру үшін де қажетті жағдайды жасайды» деуі өте орынды.
Туризм саласындағы ынтымақтастық тұрғысынан мүше мемлекеттер
арасында туристік сапарлардың арттылуымен бірге тарихи Жібек жолы
бойындағы мүше мемлекеттердің тарихи және мәдени құндылықтарымен, табиғи
әсемдіктерімен таныстыру және түрк әлемінің мәдени-рухани құндылықтарын,
дәстүрлі қол өнерімен би және музыкасын әлемге паш ету мақсат етілуде.
Мүше мемлекеттердің туризм әлеуетінің көп деңгейлі және терең
ынтымақтастық үрдісінде жеке орны бар.
Құрылған Туризм жұмыс тобының алғашқы жиыны 2013 жылдың
желтоқсан айында Ыстанбұлда өтті. Жиында мүше мемлекеттердің жеке
туризм бағыттарының таныстырылымына қолдау көрсетумен қатар, тарихи
Жібек жолы бойындағы ортақ туристік бағыттарды белгілеуге маңыз бөлінді.
Бұл шеңберде «Түркі кеңесі – Заманауи Жібек жолы» ортақ бағытының
қанатқақты жоба ретінде бастатылуы және аталған бағыттың ортақ турпакетті
|