ірі қалаларының бірі Тараз қаласы елдің оңтүстігі, Талас өзенінің алабында
рет қытай жылнамаларында, кейін византия, араб, парсы деректерінде жиі
кездесетін Тараз шамамен сонау Ғұн империясы (б.д.д. ІІІ – б.з. ІІІ ғғ.) кезеңінен
бастап Көктүрк (552-744 жж.), Түргеш (699-766 жж.), Қарлұқ (766-840 жж.)
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
225
уақытында билік ордаларының бірі немесе маңызды әкімшілік, мәдени, діни,
экономикалық орталық міндетін атқарған. Əсіресе Тараздың Қарахандар
кезеңіндегі алар орны ерекше.
Осылайша бір ғасыр шамасында бұл қала мен маңайында жүргізілген
археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Қарахандар кезеңіне тиісті
біршама нумизматикалық және эпиграфикалық деректер (кірпіш, құты, қыш
пен темір бұйымдарындағы жазулар, мазар көктастары, т.с.с.) табылып,
көптеген сәулет ескерткіштерінің аты аталмыш әулетпен байланысты екендігі
аңғарылады. Əсіресе, байырғы халық тұрғызған «Əулие Қарахан баба»,
«Тектұрмас ата», «Айша бибі» / «Бабаджа хатун» мешіт, кесенелері сияқты
тарихи-мәдени ескерткіштер Қарахандар кезеңінің бүгінге дейін жеткен айқын
айғақтары
405
Тараз бен қала маңының ортақ түрк тарихы үшін маңызы әлі күнге дейін толық
айшықталмады. Бұл ретте Қарахандар кезеңіне тиесілі археологиялық олжалар
мен сәулет туындыларында кездесетін мәліметтермен арапша, парсыша,
түркше жазылған деректердегі мәліметтерді салыстырсақ, Тараз өңірінің түрк
әлемі үшін маңыздылығы ашыла түседі. Тараз жазба деректерде кездесетін
ең көне түрк жер аттарының бірі
406
болуымен қатар түрк қала салушылығының
басы ретінде қарастырылуы да ерекше маңызға ие.
Бұл жұмыста түрк тарихы тұрғысынан Тараз қаласының қандай мәнге ие
екендігін көрсететін сәулет туындысы мен оның ішіндегі мазар тас жазуларына
тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: