Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет207/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

222 


қажет. ХХІ ғасырдағы Жібек жолы жобасы тарихи Жібек жолынан да зор маңызға 

ие болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан Жібек жолы бойында қауіпсіздіктің қамтамасыз 

етілуі қажет. Бұл үшін экономикалық ынтымақтастық үрдістерін одан әрі дамыту 

керек.


Қорыта келе мына жайтқа тағы бір жолы назар аудару қажет. Жібек жолының 

болашағы  мен  түрк  мемлекеттеріндегі  бейбіт  өмір  мен  әл-ауқат  арасында 

байланыс  бар.  Түркия  Республикасының  ХІ  Президенті  Абдулла  Гүлдің  Түркі 

кеңесінің ІІІ Саммитінде сөйлеген сөзінде атап өткендей «Тарихты білетіндер 

түрк мемлекеттерінің бір-бірімен байланысты азайтқан сайын әлемдегі маңызы 

мен  ықпалын  жоғалтады  дегеннің  шындыққа  саятындығын  байқайды».  Бұл 

тұрғыдан  түрк  мемлекеттерін  жаһандық  өлшемде  бұдан  да  ықпалды  ететін 

осындай әрекеттестіктің ең маңызды құралдарының бірі – еш күмәнсіз, тарихи 

Жібек жолын жаңғырту.

Жібек  жолы  жобасын  тек  жүк  тасымалы  мен  логистикалық  секторлардан 

құралады  деп  санау  –  бұл  мәселеге  бір  жақты  қарау  болады.  Себебі  сауда-

экономикалық  байланыстарды  пайдалану  үшін  бұл  мәселеге  кеңінен  қарау 

керек.  Істелетін  жұмыстар  аймақтағы  мемлекеттермен  құрылатын  тұрақты 

ынтымақтастықпен,  түрлі  бағыттардағы  мүмкіндіктердің  болуын  қамтамасыз 

етуге  бағытталуы  керек.  Ынтымақтастықтың  дамуы  мемлекеттердің  жобаға 

деген  көзқарасы  және  жеке  сектордың  дамуы  мен  ынтымақтастық  түсінігін 

қалыптастыруына толығымен байланысты.

Жібек жолы бұрынғы мәніне ие болған соң, интеграция үрдісіндегі түрк әлемі 

үшін тығыз ынтымақтастық орнығуына жағдай жасалды. Түркі кеңесінің де бұл 

реттегі рөлі – аталған тарихи жағдайды барынша қолданып, түрк мемлекеттері 

арасындағы  өзара  әрекеттестікті  қанағаттандырарлық  деңгейге  жеткізу.  Бұл 

тұрғыдан  Жібек  жолы  –  түрк  әлемінің  экономикалық  әл-ауқаты  мен  саяси 

белсенділігінің  кілті.  Сол  себепті  Жібек  жолын  қайтадан  жаңғырту  түрк  әлемі 

үшін стратегиялық басымдық болуы керек. 

 

 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет