ҰЛЫ ДАЛА тарихы
230
де сақтағандығы көрінеді. Мысалы, Шағатай ханзадасы Бөрі 1237-1241
жылдары моңғолдардың Еуропаға шапқыншылығы кезінде тұтқынға алынған
бір топ неміс кеншілерін Таразға орналастырып, оларға моңғолдар үшін қару-
жарақ жасатқандығы сол кезеңнің деректерінде жазылған
412
.
Шағатай ханның немересі Алғұй (1260-1265 жж.) 1260-жылдары ата-
бабалары кезіндегіден өзгеше болған Шағатай ұлысындағы басқару тізгінін
өз билігі астында шоғырландыруға кірісті, осылайша ол Шағатай хандығының
шынайы негізін қалады. Сол кезде Шағатай ұлысында моңғолдардың уәзірі
болған жергілікті өкіл Масғұт бек пен уәзір Сүлеймен бектің қолдауымен Алғұй
Ұлыстың аймағына Хорезм мен Солтүстік Ауғанстанды қосты, Бұқара мен
Самарқанға өз өкілдерін жолдады. Осылайша, аты аталған Сүлеймен бектің
әкесі Шағатай билеушілерінің мұсылман уәзірі болған Құтб ад-Дин Хабаш-Əмид
(1260 ж. өл.) Жамал Карши бойынша Керминеде (Бұқара уиләяты), Рашид ад-
дин бойынша Отырарда туған
413
.
Тараздың шығысына жақын орналасқан аймақтардың бірі Алмалық
моңғолдардан бұрын Жетісу өңіріндегі түрк-ислам мәдениетінің орталықтарының
бірі ретінде белгілі. Моңғол шапқыншылығы кезеңінде қарлұқ немесе қарахан
текті (?) жергілікті билеуші тоғрыл хан атақты Бұзар хан моңғолдарға қарсы
соғыспай, билігін мойындаған және оның ұлдары 1220-жылдардан сонау
1270-жылдарға дейін Алмалық, Құзбалық (Баласағұн маңы), Қашқарда
моңғолдар атынан билік жүргізген
414
.
Моңғолдардың жергілікті билік басындағылар мен діни мансаптылармен тіл
табысуы жайлы басқа да мәліметтер бар. Жоғарыда айтылған моңғолдардың
Шағатай ұлысындағы өкілі Масғұт бек 1250-жылдары Бұқарада өз атына
Масғұдия медресесін салдырған
415
. Танымал мұсылман дінбасыларының бірі,
анасы жағынан қарахандық, Ферғана Шейх әл-Исламның ұлы Баһауаддин
Марғинаны сол кезде моңғол хандарының бірі Есе Мүнке (Менгү) уәзір қылып
тағайындауы
416
да моңғолдардың кейде жергілікті тектілерге қандай ілтипат
көрсеткендігін куәландырады. Аталмыш дінбасы 1260 жылы қайтыс болған
кезінде моңғол билеушілері оның өзіне арналған кесенеге жерлеп, бұл жерлерде
діни ескерткіштер салынуына жол ашты
417
. Яғни В.В.Бартольд бұл кезеңде
(1260-1270 жж.) Орта Азияда моңғол билеушілерінің мұсылман мәдениетінің
әсеріне ұшырай бастағанын айтуы
418
да моңғолдардың осындай мәдени, саяси
әрекеттері арқылы нақтыланады.
412
Biran, 2013: 262-263 с.
413
Бартольд, 1963: 147; ал-Каршӣ 2005: 132, прим. 159
414
ал-Каршӣ, 2005: 131-132; Бартольд 1963: 432, 468 с.
415
Бартольд, 1963: 148 с.
416
Бартольд, 1963: 64 с.
417
Бартольд, 1963: 148 с.
418
Бартольд, 1963, 149 с.
|