Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет208/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

223 


ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИЛЕУШІЛЕРІ

Қарахан әулеті құрған мемлекет 840-1212 жылдар аралығында билік құрған 

ең  алғашқы  түрк-мұсылман  мемлекеттердің  бірі.  Мемлекеттің  негізін  Ашина 

әулетінен  Білге  Құл  Қадыр  хан  қалаған  еді.  Ислам  дінін  ресми  түрде  алғаш 

қабылдаған  Сатұқ  Бұғра  хан  болды.  Мемлекет  Шығыс  Түркістан  мен  Жетісу 

жерлерінде  құрылды,  әкімшілік  орталықтары  Қашқар,  Баласағұн  және  Тараз 

қалалары  болды.  Қарахандықтар  999  жылы  Мауренаһрды  билігіне  қаратып, 

Самани мемлекетін жойды. Көп ұзамай Өзгент (Ферғана ойпаты), Самарқан және 

Бұхара сияқты қалалары бұл мемлекеттің әкімшілік орталықтарына айналды. 

«Хақанилер»,  «Афрасиаб  ұлдары»,  «Түрк  қағандары»  немесе  «Ілек-хандар» 

деген атпен белгілі бұл саяси бірлестік Жетісу мен Шығыс Түркістанды орталық 

еткен Шығыс Қарахан мемлекеті (1040 ж.-XIII ғасыр басы) және Мауренаһрда 

қоныс тепкен Батыс Қарахан мемлекеті (1040-1212 жж.) деген екі дербес қанат 

ретінде өмір сүрді.

Білге  Құл  Қадыр  хан  өлгеннен  кейін  ұлдары  Базыр  мен  Оғылчак  билік 

басына  келді.  Мемлекеттің  батыс  бөлігінде  билеуші  болған  Оғылчақ 

саманилер мемлекетіндегі кикілжіңдерді пайдаланып, қарсы шыққан саманилік 

шахзаданың бас сауғалау талабын қабылдады. Оғылчактың жиені Сатұқ Бұғра 

осы  шахзаданың  арқасында  мұсылмандықты  қабылдап,  Абдулкәрім  деген 

есімге ие болады. Осы оқиғадан кейін нағашысы Оғылчақты жеңген Абдулкәрім 

Сатұқ  Бұғра  (924-955  жж.)  мемлекет  билігіне  келіп,  хан  атағына  ие  болады 

және исламды толықтай қабылдайды. Қарахандықтар исламды мемлекеттік дін 

ретінде алғаш қабылдаған түрк мемлекеттерінің бірі. 

Насыр  Елік  Хан  басшылығындағы  қарахандықтар  999  жылы  саманилерге 

қарсы шығып, олардың орталық қалалары Самарқан мен Бұхараны жаулап алды. 

Осылайша, олардың шекаралары Амудария өзеніне дейін жетті. Осы өзеннің 

солтүстігіндегі  жерлер  қарахандықтар,  оңтүстігіндегі  жерлер  ғазнауилықтар 

секілді екі түрк мемлекетінің шекарасын құрады.

Осы  кезеңде  Орталық  Азия  түрк  әулеттерінің  тарихында  маңызды  оқиға 

болды.  1025  жылы  қарахандықтардың  әміршісі  Юсуф  Кадыр  хан  (1020-1032 

ж.ж.)  мен  Ғазнауи  сұлтаны  Махмұд  Ғазнауи  (971-1030  ж.ж.)  кездесті.  Осы 

кездесуде  қарахандықтарды  қызықтыратын  мәселелермен  қатар,  Арслан 

ибн  Селжүк  пен  оның  қол  астындағы  оғыздарды  Хорасанға  қоныс  аудару 

туралы  шешім  қабылданды.  Орта  ғасырларда  тәуелсіз  мемлекеттердің  бас 

билеушілерінің жүзбе-жүз кездесулері өте сирек болатын. Осы кездесу арқылы 

ислам  әлемінің  екі  ықпалды  түрк  билеушісі  екі  мемлекеттің  өз  жерлерінің 

тұтастығын мойындады. Бірі Орталық Азияның ауқымды бір бөлігінің, екіншісі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет