Бартольд, 1963, С. 429.
Бартольд, 1963, С. 431.
Бартольд, 1963, С. 465.
Кочнев, 2006, С. 130-140.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
239
көне түркше
сү басы, арапша
сахибул жәйшке
сәйкес келетінін айтқан
442
.
«Дәуітбек» кесенесінде жатқан адамның бұл атаққа ие болуы да оның
қолбасшы, яғни билеуші тапқа тиесілі болғандығын дәлелдейді.
в. سایلا- Ілияс
Ескерткіштегі бұл адам есімін білдіретін әріптер шоғыры «Ілияс» деп оңай
оқылады. Негізі арапша екені мәлім болған Ілияс аты Қарахандарға тиісті
жазба деректерінде кездеспейді. Дегенмен, аталмыш «Насапнамалардың»
барлығында Қарахан билеушілерінің бірінің аты Ілияс хан түрінде келеді. Бұл
туралы жұмысымыздың «Дадбек» тақырыпшасында қарастырғанымыздықтан,
бұл атқа бұдан артық тоқталмаймыз.
Ескерткіште «Ілиястан» кейін келетін сөз материалдың тозуына байланысты
оқылмайды. Ол жерде арапша «ұлы» мағынасындағы бин (نب) сөзімен қатар,
бөлек ат болу ықтималдығы жоғары. Егер ескерткіштегі басқа жазулар өлшемі
мен түрін ескерсек ол жерде ең азы 5-6 әріптен тұратын адам есімі келіп, басқы
әрпі әліп ( ا ) болу мүмкіндігі бар (қараңыз II сурет, 4). Біз бұл ат Ахмед б.(نب دمحا)
немесе Ісмайыл б. (نب لیعامسا) түрінде оқуға болады деп есептейміз. Егер бұл
болжам алдағы уақытта басқа жазба деректермен қуатталса, ол адамды
жоғарыда көрсетілгендей «Насапнамаларда» келген ... Ісмайыл хан, оның ұлы
Ілияс хан, оның ұлы Ахмет хан, оның ұлы Санжар хан, оның ұлы
Дадбекпен ...
сәйкестендіру мүмкіндігі туады. Сонымен қатар аталмыш шежірелерде Қарахан
билеушілер аттары берудегі кейбір қарама-қайшылықтарды (анахронизм,
қателіктер, кейбір аттардың кем немесе артық жазылуы, т.с.с.) елемеуге
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: