ҰЛЫ ДАЛА тарихы
258
маңызын жоғалтқаннан бастап Ұлы даладағы империялар мен мемлекеттер
әлсірей бастады. Экономиканың күретамырына қан жүгірмегендіктен, елдің тұр-
ғындары босып, қалалар қаңы рап қалды. Оның ақыры хандық тардың қирауына,
басқаға бодан болуға апарып соқты.
Осы ретте айрықша айта кетерлік жайт, кез келген іргелі мемлекеттің құ-
рылуына тегеурінді тұлғалардың ерекше серпін беретіні белгілі. Біздіңше,
Қазақ хандығының тұғырлы тұлғасы – Қасым хан! Алмағайып заманда дүниеге
келген Абылай – есеңгіреген елдің есін жиған хан болса, Қазақ хандығының
территориясын айқындап, оны ұлы мақсаттарға бастаған – Қасым хан! Осыны
ұрпақ санасына сіңірген кезде ғана біз сол дәуірдің даңқты күндері мен асыл
аңсарына қол жеткізе аламыз.
Тарих – шындыққа айналған тағдыр. Əрқилы тағдырдың тоғысып, адамзаттың
тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты, түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ
тарихына айналады. Сондықтан дүние тегершігі айналған сайын тарлан тарихтың
қатпары арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тағдыры мен өркениет
тамырын түрктер тарихынсыз елестету мүмкін емес.
Бағзы тарихқа көз жүгіртсек, қуатты империялар құрған түрктер ғасырлар бойы
ұлан-ғайыр аймаққа билік жүргізіп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге – Байқалдан
Балканға дейінгі орасан зор аймаққа иелік етті. Алтайдан тарайтын айбынды
ел тілі жақын, танымы мен талғамы ұқсас бір әлемді – ортақ өркениетті құрады.
Алтын тақта отырып билік жүргізген айбарлы қағандар мен айбынды абыздар
«Мәңгілік Ел» орнатуды армандады.
Көне Қытай, Үндістан, Иран, Мысыр мен иық тіресіп, өзіндік мәдениетімен олар -
ға балама өркениет құрған Түрк әле мі Шығыс пен Батыстың, түстік пен те ріскейдің
арасын жалғаған «Ұлы Жібек жолы» арқылы әлемдік сау даның күретамырына,
дүниежүзілік дипломатияның дәнекеріне айналды. Жаһанды жақындастыруда
жылқының жалында туған жауынгер жұрттың үлесі айрықша болды. Сондықтан
ғалымдар түрктерді «жаулаушы ғана емес, өркениетті жасаушы һәм оны
жалғаушы ұлт» ретінде бағалауда.
Өркениеттің бір өлшемі – әліппе, жазу екені белгілі. Əрбір әліппе пайым
мен танымнан, талғам мен түсініктен, дәстүр мен сенімнен туындайды. Ол
алтын арқау, сиқырлы сандық іспетті ұлттың жадындағы асыл аманаттар мен
қастерлі құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғайды, мәдениетті орнықтырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, жады мен жазуға айрықша мән берген түрктер бүгінгі
батыс елдері әлі әліппенің не екенін білмей тұрған тұста төлтума таңбасын
қалыптастырды. Асыл арқауы қадымнан бақиға үзілмей жеткен асқақ
мұраттарын болашақ ұрпаққа табыстап, аманаттарын мұқалмас мәңгі тастарға
қашап жазды.
Ұлы дала өзінің толқымалы тарихында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»
мамыражай заманды да, «боз тайлағы бос келетін» аласапыран уақыттарды да
бастан өткерді. «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» түрктер тағдыры талқыға
|