ҰЛЫ ДАЛА тарихы
260
атты атақты еңбегінде «асабийе» деген ұғым қолданған екен. Ол – жақындық,
жәрдемдесу, ортақ мүдде, күш біріктіру, құлшыну, сыртқы жауларға бірге тойтарыс
беру сияқты мағыналарға келеді. Ибн Халдунның жазуынша, қанның тартуы мен
жанның жақындығы шежіре арқылы тайпалық бірлестікке немесе мемлекетке
айналады. Ал мүдде бірлігі мен ардың үндесуі – мәдениет пен өркениетті құрайды.
Ол «өркениет ағашының тамыры – көшпелілікте, кеудесі – мемлекет пен қала
тұрмысында, дәні де мүдде бірлігінде»
481
деп есептейді. Сондықтан Ибн Халдун
«бүкіл өркениеттердің бастауында көшпелілер тұр» деген тоқтам жасайды. Бұл
ретте ғұлама «көшпелілер» деп түрктерді де меңзеп тұрса керек.
Дөңгеленген дүние бір орнында тұрмайды. Ал темірқазықтың төңірегінде
жылжыған жұлдыздар сияқты қозғалған ғасырлар керуені Ұлы даладан бастау
алады. Себебі көшпелілер әр кез әрекетте болады. Ал ұдайы қозғалыстан қуат
туатыны белгілі. Сонымен қатар табиғатпен етене байланыста өмір кешетін олар
«малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деген ұстанымда болып,
ар тазалығы мен абырой биігін әрқашан жоғары қояды. Осыған байланысты
ынтымақ пен қоғамның бірлігі басты құндылық болып саналады.
Мәдениеттердің тағдырын адам заттың ғұмырына теңеп, оның да «балалық
шағы, ержетіп, есею кезеңі, кемелденуі және тоқырап, құлдырауы болады» деп
жазған Ибн Халдун өркениеттердің құлдырауын қала тұрғындарының тоғы-
шар әрекеттері мен ысырапшылдыққа байланысты қарастырады. Əйгілі Əмір
Темірге (1336-1405 жж.) кездесіп, кеңес берген ғалымның ойлары кейін ХХ
ғасырда Арнольд Тойнбидің
482
мәдениет туралы пайымдарына негіз қалады.
Ал өз кезегінде бұл Л.Н.Гумилевтің баршаға белгілі «пас сионарлық» туралы
теориясына түрткі болды
483
.
Расында, ұлы ойшыл айтқан ұлттар мен мәдениеттердің даму кезеңдеріне
дәуірлердің алмасуы мен құтты қуаттардың дүмпулері ерекше серпін береді.
Күллі адамзаттың тағдырына тікелей әсер етіп, тұтас құрлықтың картасы мен
жағрапияны өзгертуге апаратын мұндай тектоникалық өзгерістер дүркін-дүркін
айналып келеді. Бұлардың қатарына Қиыр Шығыстан Шығыс Еуропаға, Оңтүстік
Сібірден Солтүстік Үндістанға дейінгі ұлан-ғайыр аймақты бағындырған ғұндар
мен көктүрктер дәуірі, Шығыс Түркістаннан Таяу Шығысқа дейін созылып жатқан
Ұлы Салжұқ және Алтай мен Шығыс Еуропа арасындағы шексіз кеңістікке
билік жүргізген Алтын Орда дәуірі сияқты аса ірі тарихи кезеңдерді жатқызуға
болады. Ұлы даладан бастау алған бұл ауқымды оқиғалардың барлығы да
Еуразия кеңістігіндегі орасан зор өзгерістерге түрткі болды. Дәуір алмасып, жаңа
мемлекеттер, ұлттар мен ұлыстар тарих сахнасына шықты.
атты классикалық еңбегінде тарих , қоғам, экономикалық өзекті мәселелер туралы кеңінен талданған
еді.
481
Нефедов, 2008. 752 с.
482
Тойнби А.Ж. Постижение истории: Сборник / Пер. с англ. Е. Д. Жаркова. — М.: Рольф, 2001—640 с.
483
Гумилев, 2006.