аумағында ежелден мекендеген дұғлат, үйсін, қарлұқ, йағма, қыпшақ, қырғыз
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
255
одағының негізін қалыптастырғандығына ерекше тоқталғымыз келеді. Бұл
одақ XV ғасырдың орта тұсына дейін Моғолстанның басты ұйытқысы болды.
Моғолстан шаңырағы астында топтасқан тайпалық одақтар мен бірлестіктер
Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне үлкен үлес қосты. Қазақ хандығы тарихы
– Жошы ұлысымен қатар, Моғолстан хандығының бай тарихымен тығыз
байланыста өрілді. Кейіннен ұлы Талас құрылтайы сынды оқиғалар Қазақ
хандығы дәуірінде де өткізіліп, маңызды саяси шешімдер қабылдағандығы да
анық.
Осылайша, Қайдұ билік еткен кезеңнен бастап, Талас құрылтайынан кейін
Моғолстанда:
• Шыңғыс қаған орнатқан біртұтас империяның орнында жаңа мемлекет бой
көтерді;
• Жаңа этностық үдерістің негізі қаланды;
• Этногенездік тұрғыдан Орталық Азиядағы этностардың байырғы және
бүгінгі құрамының түзілуінің бастаулары болды;
• Түрктік дәстүрге негізделінген ислам мәдениеті қалыптасты;
• Батыс түрк қағандығы негізінде бой көтерген легитимді заңды мұрагер
мемлекеттіліктің жаңғыруы басталды;
• Талас құрылтайы байырғы Жетісу аумағында Жошы, Шағатай, Елхан
ұлыстарының билеушілері толық таныған заңды мемлекет, хандықтардың
бастауы болды;
• Тарихи Талас құрылтайының бір мәні Талас аумағының Ислам дініне ертеден
бет бұрып, мемлекеттік дейгейде ұстанатынын көрсетсе, екінші жағынан Талас
аумағында байырғы түрк қағандығының батыс қанатының саяси орталығы
болғандығын айқындайды. Қайдұның өзін түрк-мұсылман өркениетінің белді
өкілі болды деп те айтуға болады.
• Орталық Азия тарихында, Жошы, Шағатай, Қайдұ, Моғол (Моғолстан)
ұлыстарының орталық Қарақорымнан, Құбылай билік еткен Юань мемлекетінен
саяси билікке бағынбайтын дербес мемлекеттік құрылымдары қалыптасып,
біржолата өз жолымен көшпелі түрк-мұсылмандық дәстүрді берік ұстай бастады.
Түйіндей келгенде, Қайдұның бастамасымен ұйымдастырылған Талас
құрылтайы Шағатай ұлысының, Моғолстан мемлекетінің бой көтеруіне, осы
арқылы Қазақ хандығы іргесінің қалануына ұйытқы болды.