Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет241/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

253 


әлемі үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Аталмыш тарихи мерзімдерге 

тарихшы ғалымдар мен зерттеушілер баса назар аударса екен дейміз.

Моғолстан  атауының  төркіні  «моғол+стан»  деген  екі  сөзден  құралып, 

қалыптасқан  болатын.  Жалпы,  «моғол»  атауы  Орталық  Азияда  оңтүстік 

Қазақстан (Жетісу), Қырғызстан, Өзбекстан, Қашқария аумағында XV ғасырдан 

бастап түрк, моңғол көшпелілердің этно политонимі ретінде жалпылама атала 

бастады. 

Мұхаммед Қайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди»

471

 (1541-1546 жж.) шығар- 



масында  «моғол»  мен  «қырғыз»  (қазақ)  деген  бір  халықты  атайды  дейді. 

Қазақстандық  шығыстанушы  В.П.Юдин:  «Моғолдар  деп  аталатындар  түрк 

тілді қыпшақ тобының өкілдері, олар XIV-XVII ғасырларда Орталық Азияда аса 

маңызды саяси рөл атқарды, әсіресе қазақ, қырғыз, өзбек және басқа халық- 

тардың  этностық  болмысында  ерекше  орын  алды.  Моғолдардың  құрамында 

керейт, қаңлы, арқануыт, сүлдүз, дұғлат, чорас, құрлауыт, қарлұқ, итарчи (барақ), 

көнчі, құшчы, байрин, қалұчы, бұлғачы, арлат, барлас, дохтуй, йарки, ордабегі, 

мекрит, шұңқарчы, нарин, долан, балықчы, татар сынды ру-тайпалар болған»  –

дей келе, ғалым «Қазақтың Ұлы жүз бен Орта жүз құрамынының, қырғыздардың 

қалыптасуына моғолдар айрықша ізін қалдырды», – деген бағасын білдіреді

472

.

Моғолстан мемлекетінде (ресми атауы «Моғол ұлысы») билік жүйесі «ұлыс 



бегі» хан құзырында болды. Əуелі ханды сайлайтын еді. Ал ұлыстың оң қол, 

сол  қол  қанатын  йасауыл  бектер  басқарды,  екі  қанаттың  құрамындағы  ру-

тайпаларды  үчбектер  басқарды.  Əскери  жасақтары  оң,  сол  қанатта  түмен 

(«сан»),  мың,  қошуын,  йүз,  ондықтарды  түменбегі,  мыңбегі  (тубегі),  йүзбегі, 

онбегі басқарды. 

О.Караев  Моғолстандағы  саяси  билік  жүйесіне  тоқтала  келіп,  «вилает, 

билад, мамлакат, йурт, улус және эл (иль)» атаулары болған деп, мемлекеттің 

басшысы – хан болды. Ханның мәжіліс деп аталатын кеңесі болған. Ал Ұлысбек 

ханнан кейінгі екінші билік адамы дейді. Сонымен қатар, вазир, аталық, амир 

ал-умара (жоғары әмір), дарұға, хаким, иши ага, йатибегі, тавачи, киракйараг, 

бахши, құшбегі, йасавул, наиб, кукельташ, учбегі, миршикар, шигавул, бакавул 

болған деп жүйелейді

473



Моғол ұлысы Жібек жолының тораптарын бақылауға алған қуатты мемлекет 



болды.  Осы  орайда  «Керей  мен  Жәнібек  хандар  Қазақ  хандығының  негізін 

қалағанда  неліктен  Моғолстанды  пана  тұтты?»  деген  сұрақ  туындайды. 

Моғолстан  билеушілері  оларға  Шу  өңірінен  жер  еншілеп  бергенде  көшпелі 

мемлекеттік дәстүрдің әділеттігін, дала төрелігінің данышпандығын тақ мұрагер 

Қайдұ ұрпақтары ұсынды деп айтуға болады. 

471


 Мұхаммед Хайдар Дулати, 2015. С. 788. 

472


 Юдин, 2001. С. 87-95. 

473


 Караев, 1995. С. 151-154. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет