ҰЛЫ ДАЛА тарихы
262
Дәл осы тұста Ренессанс дәуірінде ұйқыдан оянған Еуропа құрлығында да
үлкен өзгерістер басталды. Габсбургтер әулетінің басшылығымен батыс біріге
түсті. Ғылымның бұқаралық сипат алуына негіз қалаған дәуір басталып, Иоганн
Гутенбергтің баспаханасы іске қосылды. Өнеркәсіп пен сауданың қарқынды дамуы
соны мүмкіндіктердің жолын ашты. Португал теңізшілерінің ізденістері мен алыс
сапарлары ұлы жағрапиялық ашылулардың басы болды. Колумбтың Америка
құрлығына жетуі, Васко-да-Гаманың Африканы айналып өтіп, Үндістанға баруы -
жаңа дәуірге жол ашты. Осы кезеңде Чжэн Хэ бастаған қытай теңізшілері де Үнді-
қытай арқылы Парсы шығанағына және Шығыс Африкаға аяқ басты. Бұлардың
барлығы жаңа сауда жолдарының ашылуына және «Ұлы Жібек жолының» өз
маңызын жоюына апарып соқты. Ал бұл өз кезегінде Орталық Азияның және
түрктер үстемдік құрған аймақтардың экономикалық тұрғыда құлдырауына,
қалалардың күйзелуіне себеп болды. Сауда арқылы түсетін табыс көздері күрт
азайып, әлеуеті әлсірей бастаған хандар олжаға таласқандай, бір-бірлерімен
аяу сыз қырқысқа түсті. Осылайша, жұтқа жаугершілік қосылып, бір кездері гүлзар
баққа оранған, кітапханалары бай түрк қалалары қаңырап бос қала бастады.
Əуелі өндірістен кері қалу, теңіз және мұхиттарға шыға алмау, ірі сауда
жолдарынан айырылу, экономикалық мешеулікке ұшырау арқылы басталған
тоқырау дәуірі көп ұзамай басыбайлы бодандыққа апарып соқты. Əрине, оның
басқа да себептері болды. Бұл ретте, алдымен желмен жарысқан жылқы дәуірі
аяқталғанын айтуға тиіспіз. Кеме және одан кейін шыққан түрлі тасымал көліктері
жылқының орнын алмас тырды. Үшіншіден, жауынгер жұрттың жігерін жасытқан
отты қару шықты. Төртіншіден, түрктер ғылым-білімнің жаңа жетістіктерін жүзеге
асыра алмады. Оның үстіне ілім мен діннің аражігі алшақтап кетті. Бесіншіден,
Абай айтқандай, «алты бақан алауыздық» пен «бас-басына би болған өңшең
қи қым» елдің сиқын кетірді. Ағайынның азғанынан, бірліктің аздығынан береке
озды, ел тозды.
«Дүние - кезек» деген. Шыңнан төмен сырғудың алғашқы нышандары айбарлы
Алтын Орданың іргесі сөгілумен басталды. Осы кезде дербес шіркеуге ие болып,
дін тұтастығына қол жеткізген солтүстік-батыс көрші Византияның мұрагері екенін
жария етті. Ұлы империяның құлдырауы оның кішігірім хандықтарға бөлінуіне
әкеліп соқтырды. Міне, осындай дәуірлер алмасқан алмағайып заманда Қазақ
хандығы дүниеге келді.
Бір айта кетерлік жайт, осы кезеңде және одан кейінгі ғасырларда пайда
болған хандықтар арасында тек Қазақ хандығы ғана өміршеңдігін көрсетіп, тұтас
ұлтқа атын беріп, бүгінгі күнге дейін жалғасып жетті. Əулеттің, аймақтың немесе
қаланың атымен аталған өзге хандықтардың барлығы да кейін тарих сахнасынан
сырғып кетті. Сондықтан, Қазақ хандығының тарихын, Елбасы айтқандай,
Орталық Азиядағы ұлттық тарихтың бастауы деуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |