Алмағайып өзгерістер заманы
Расында, Ибн Халдун айтқандай, әр нәрсенің басы болатыны сияқты, оның
соңы да келуі тиіс. Сол сияқты мәдениеттер мен өркениеттер де шыңның
шарықтау шегіне шыққаннан кейін, егер өзін жаңалай алмаса, ертелі-кеш тоқырау
және құлдырауды бастан кешеді.
Түрктер үшін де бұл қағидат өзгер меді. Жүздеген жылдар бойы Еуразия
кеңістігіне жеке билігін жүргізіп, адамзат тарихына ықпал етіп келген ұлыстың
абыройлы алтын ғасыры ұзаққа созылған тоқырау кезеңінің басына айналды.
Алтын ғасыр дейтініміз, XV ғасырда Османлы мемлекеті әбден кемеліне келіп,
Ыстанбұлды бағындырды. Осылайша, Рим империясының жалғасы болып
келген Византияны тізе бүктіріп, оның үстіне Қособада (Косово) батыстың біріккен
қолына күйрете соққы беріп, Балкан түбегіне біржола орнықты. Таяу Шығыс пен
Солтүстік Африкада Мысыр мәмлүктерінің дәуірі жүріп тұрды. Олар қасиетті
Мекке-Мединеге иелік етіп, Иерусалим мен Шамға билік жүргізді. Үндістанда
Бабыр (1483-1530жж.) таққа шығып
485
, Ұлы Моғол империясы құрылды. Иран
мен Кавказда Қарақойлы, Аққойлы, Сәфәуи (Севефи) әулеттерінің билігіне
жалғасты
486
. Осылайша Еуропа, Азия және Африкаға үстемдік еткен түрктер
тұтастықтарын сақтай білді.
484
Материалы по истории казахских ханств XV-ХVIII веков. А., 1969, 352 с.
485
Бабур-наме: Записки Бабура, 1993.
486
Əfǝndiyev, 2007.
|