Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет258/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

271 


танымдық тұңғиыққа тірелуінде болып тұр. Содан келіп «Біржан мен Сараның 

айтысы болған ба, болмаған ба?», «Абылай мықты ма, әлде Əбілқайыр күшті 

ме?», «Түп-тұқиян дереккөзі бола ала ма?», «Сегіз сері өмірде болған жан ба?» 

сияқты тақырыптарда қызылкеңірдек болып, ал іргелі мәселелерде жер шұқып, 

шаң қауып қала береміз немесе әлемдік маңызы бар өзекті мәселелерді қазақ 

елі тұрғысынан жаңаша зерттеудің орнына көзі тірі кейбір «классиктер» туралы 

«ода» жазып, оны диссертацияға айналдыруды жеңіл санаймыз. 

Сонымен  қатар,  қазір  шығыс  елдерінде  негізінен  ориенталистік  бағытта 

білім  алғандардың  бағы  жанып,  билікте  отырғаны  да  жасырын  емес.  Кейде 

өздерін  «отанның  шынайы  патриотымын»  деп  есептейтін  және  ең  бастысы 

бұған өздері бүкіл болмысымен қалтқысыз сенетін олардың санасы жергілікті 

халықтың  ойымен  ұштаса  бермейді.  Сондықтан  туған  халқына  төбеден 

қарайтын  олар  әлемде  батыстық  құндылықтардың  салтанат  құруына,  оның 

үстемдігінің үзілмей жалғасуына қызмет етеді. Мұны өздеріне берілген қасиетті 

миссия деп түсінеді, және мұны халыққа қарамастан, «халықтың жақсылығы, 

елдің игілігі үшін» жасайды! Батыста оқығаны үшін табиғи түрде басымдыққа ие 

болатын мұндай тұлғалар тіл мәселесін құр даурықпа сөз, ұсақ мәселе ретінде 

қабылдайды.  Олардың  ойынша,  жаһандану  жағдайында  жергілікті  халықтың 

тілі  әлемдік  өркениетке  қол  жеткізуге,  оны  толық  қамтып,  игеруге  қауқарсыз. 

Сондықтан, орыс тіліне қосымша тағы да ағылшын тілін үйрену керек. Осындай 

ойдың жетегінде жүргендер туған тілдің етегінен ұстар ма? Олардың ойынша 

орыс тілін білмеу – нағыз надандық! Қараңғылықтың өлшемі орыс тілін біліп, 

білмеумен өлшенеді. Сондай-ақ, мұндай түсініктегі жандар дінді тек ритуал деп 

қана қарастырады. Оларға салсақ, дін бөлек, мәдениет бөлек. Ал Құран туралы 

сөз қозғай қалсаң – бітті, діншіл атанасың. 

Расында қазір бізде өмірдің бар саласында ориенталистік бағыт салтанат 

құрып  отыр.  Тіпті  елшіл  азаматтар  мен  ұлтшыл  зиялыларымыздың  басым 

бөлігінің өзі ұлттық мәселелерге батыстық көзқараспен қарайды. Ол – ол ма, 

«ұлтшыл», «елшіл» деген сөзден әлі күнге дейін өлердей қорқамыз. Сондықтан 

қастерлі «ұлтшыл» сөзінің орнын ендігі жерде «ұлтжанды» деген жасанды сөз 

басты.  Қазақта  «қатынжанды»  деген  болымсыз  мағынада  қолданылатын  сөз 

бар еді, ал «ұлтжанды» деген не сөз? Сол сияқты өзімізге, ішкі мәселелерімізге 

қалай қарау керек екенін тағы да батыстық өлшемдермен анықтауға ұмтыламыз. 

Ауруымыздың  емін  басқа  жақтан,  өзгенің  көмегіне  жүгіне  отырып  іздейміз. 

Белгісіз бағытқа қарай жөңкіліп, ызғып бара жатқан батыстық вагонға жанталасып 

ұмтылып,  соған  мініп  қалуға  тырысамыз.  Əрине,  өмір  ағымы  толастамайды. 

Жаһандану  үрдісінен  де  қашып  құтылу  жоқ.  Оқшау  отау  тігіп  тағы  бөлектене 

алмаймыз.  Дегенмен,  біздің  әлемдегі  алар  орнымыз  қандай  болмақ?  Мүмкін 

біздің ауруымыз да, оның емі де басқа шығар? Егер олай болса қайттік? 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет