Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет251/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   407
Байланысты:
udt

 


IV

 

ТАғылым


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

264 


ОРИЕНТАЛИСТИКА – ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ  

ЕТЕТІН ҒЫЛЫМ

Біздің  елімізде  «Шығыстану»  немесе  «шығыстанушы»  деген  сөз  құлаққа 

сіңісті  болған,  қалыпты  ұғымдардың  бірі  секілді.  Тіпті  кейде  Шығыс  елдері 

жайында бірер мақала жазған кісілер өздерін «шығыстанушы», «түрколог» деп 

таныстырып жатады. Және оны өздеріне мәртебе санап, мақтаныш сезіммен 

айтады. Сондықтан, кейбір танымал ғалымдарымыз қысылмай қолданып жатқан 

бұл сөзден ешкім секем алмайды, былайғы жұрт астарына үңіліп жатпайды. Ал 

шын мәнінде «шығыстану» ғылымы немесе ориенталистика дегеніміз не? 

 Шығыстану немесе ориенталистика шығыс елдерін бағындыруды, дәлірек 

айтқанда  отарлауды  жеңілдету  және  жеделдету  мақсатында  батыста  пайда 

болған ғылым. Əріден қозғасақ, XIV ғасырдан, яғни крест жорықтарынан кейін 

ілешала басталып, қалыптасу жолына түскен шығыстану XIX ғасырдың соңына 

таман Азия мен Солтүстік Африка халықтарының мәдениеті мен әдебиетін, тілі 

мен дінін, тарихы мен әдет-ғұрпын, өнері мен дүниетанымын зерттейтін тұтас 

ғылымға  айналды.  Наполеонның  Мысырды  жаулап  алуымен  бірге  қарқынды 

дами бастаған бұл ғылым осылайша ориенталистика немесе ориентализм деп 

атала бастады.

Басын  ашып  алатын  жайт,  ориенталистика  негізінен  батыстың  алпауыт, 

отаршыл мемлекеттерінде дамып, өркен жайды. Осы тақырып төңірегінде іргелі 

еңбектер  жазған  америкалық  профессор  Едуард  Сайдтың  сөзімен  айтқанда 

«ориентализм  –  отаршылдардың  шолғыншы,  барлаушы  күші».  Өйткені, 

Батыстың алпауыт мемлекеттеріне шығысты, соның ішінде әсіресе мұсылман 

елдерін отарлау, бодан елдің санасына толық ену және оны жаппай шоқындыру 

үшін жергілікті халықтың тілі мен дінін, мемлекеттік құрылымын, мәдениетін һәм 

оның осал тұстарын жетік білу аса қажет еді. Өйткені Лев Гумилевтің сөзімен 

айтсақ «идеологиялық жағынан ел санасына ену әскери жолмен жаулап алудан 

арзан  әрі  тиімдірек  болды».  Міне,  ориенталистика  осыған  қызмет  жасады, 

осы олқылықтың орнын толтырды. Ол шығыс елдерінің есігін ашатын, құлпын 

бұзатын тетіктерді көрсетіп берді. Жаулап алынатын елдердің картасын сызып

бағыт-бағдарын  жасады.  Сондықтан,  ориентализмнің  саяси,  әлеуметтік, 

экономикалық, діни, мәдени және әскери астарлары бар. 

Əуелгі кезде Азия халықтары туралы неше түрлі қиял-ғажайыптарды ойлап 

тапқан  ориенталистер,  батыстық  алпауыттардың  «жартылай  жабайы,  артта 

қалған азиаттарды адам етеміз» деп, жалған ұран көтеруіне мұрындық болды. Бұл 

тұрғыдан алғанда, ориентализм – батыста шығыс туралы жағымсыз түсініктердің 

қалыптасуына себеп болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, отарлық саясаттың 

еселеп жүруіне де септігін тигізді. Ориенталистік көзқарас осылайша батыстың 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет