Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет259/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

272 


Ұлттық идея мен ұлттық идеологияның қайнар басында әр кез гуманитарлық 

ғылымдар  тұрады.  Ол  қандай  бағытта  дамыса,  елдің  болашағы  да  солай 

ауытқиды.  Гуманитарлық  ғылымдар  халықтың  мұраларын  зерттеп  қана 

қоймайды,  сонымен  қатар  оның  санасын  сілкіндіріп,  рухын  оятады.  Елді 

жігерлендіріп,  оны  болашаққа  бастайды.  Сондықтан,  біздің  ойымызша,  бағзы 

мен  болашақтың  арасында  көпір  болып  тұрған  осы  гуманитарлық  ғылымдар 

саласында отарсыздандыру жүргізу қажет. Халықтың санасына сәуле түсіріп, 

ұлттық намысын оятатын ғылым салалары отарсызданбай, ел отарлық бұғаудың 

қамытынан толық құтыла алмайды. Өйткені санасы бодан, ойы тәуелді, әдісі 

бөтен жаннан еркін, салиқалы, тұрақты пікірдің туа қоюы қиын екені бесенеден 

белгілі.  Өзінің  ұлттық  көзқарасы  айқындалмай  отырған,  ориеналистиканың 

жетегінен  шыға  алмай  жүрген,  бар  мәселеге  батыстық  таным  тұрғысынан 

қарайтын ғалымдар мен зиялыларға тәуелсіз елдің тәуменді азаматтары деп 

кім айта алады? 

 

  Жапония,  Малайзия  сияқты  дамыған  елдердің  өзіндік  ұлттық 



құндылықтарын  жоғалтпай,  керісінше  оны  ұлықтап,  қайта  жаңғырта  отырып, 

жаңа  заманның  ілімі  мен  технологиясымен  сабақтастыру  нәтижесінде  үлкен 

табыстарға қол жеткізгенін ескерер болсақ, дамудың жолы батысқа ессіздікпен 

ұмтылып,  оны  қалтқысыз  қайталаудан  ғана  тұрмайды  екен.  Оның  үстіне,  бір 

аурудың емі екінші біреуге қасірет әкелуі де мүмкін. Сондықтан, әр елде ұлттық 

сананың салтанат құрмағы абзал екенін естен шығармайық. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет