Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет256/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

269 


Осы орайда бір айта кетерлік жайт, Ресей империясы немесе большевиктік 

билік  Орталық  Азияда  озбырлықпен  жүргізген  отарлық  саясатын  ұлты  басқа 

болғанымен  діні  бір  Грузия,  Армения  сияқты  мемлекеттерде  қолданған  жоқ. 

Тіпті,  олардың  ежелгі  әліппелеріне  де  тиген  жоқ.  Бұл  –  материализм  және 

христиандықты  ортақ  құндылықтар  ретінде  қарастыратын  батыстың  өзара 

ымы-жымы  бір  екенін  көрсетеді.  Сондықтан,  ориентализмнің  дарвинизм, 

материализм сияқты христиандық тірегі де бар екенін ұмытпайық.

Қазіргі таңда әлемде үстемдік құрып тұрған бір ғана өркениет бар. Ол – батыс 

өркениеті.  Батыс  өркениеті  өмірдің  бар  саласына  дендеп  енді.  Ең  бастысы, 

ол  біздің  санамызға  әсер  етті.  Ойлау  жүйемізді  астан-кестен  етті.  Ұлттық 

құндылықтарға,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрге  мұрын  шүйіріп 

қарайтын  жағдайға  жеттік.  Немесе  «сол  дәстүрді  қолдау  керек»  дей  тұрып, 

құндылықтарымызды  батыстық  стандарттардың  өлшеміне  салып  қараймыз. 

Айталық, «батыста христиан діні белгілі реформалардан өтті. Ендеше, ислам 

дініне  неге  реформа  жүргізбеске?!  Бәлкім,  шығысты  етектен  тартып  отырған 

керітартпа  фактор  осы  болар»,  -  деп  ойлаймыз.  «Мұхаммет  пайғамбар  да 

сұңғыла  саясаткер  болатын.  Ол  бәдәуи  араптардың  басын  біріктіру  үшін 

ислам  дінін  ойлап  тапты»  деген  сөзді  қысылып,  қымтырылмай,  тіпті  керемет 

бір жаңалық ашқандай маңғазданып айтамыз. Міне, бұл – ориенталистиканың 

жемісі! Міне, бұл – қасірет! 

Сондай-ақ  біздегі  басты  қатердің  бірі  –  кеңестік  кезеңде  ой-таным, 

көзқарасымыз,  жалпы  методологиямыз  ориенталистиканың  негізінде 

қалыптасты. Сондықтан біз философия, филология, социология, дін, руханият, 

мәдениеттану, тарих сияқты ұлттық құндылықтарды зерттеу нысанына алатын 

гуманитарлық салаларда батыстық әдіснаманың жетегіне жиі еріп кете береміз. 

Бір-бірінен алшақ әлемде, басқа арнада туған дүниелерді күштеп әкеліп, өзімізге 

үйреншікті қалыпқа салып әуре боламыз. Содан келіп, Асан қайғы мен Абайды 

Кант пен Гегельдің жанына қоюға ұмтыламыз. Абайды кришнаит деп дәлелдеуге 

тырысып жатқандар немесе миссионерлік жұмыстарды ғылыми атаққа ұсынып 

жатқандар тағы да біздің философтарымыз. Жақында ғана әйдік бір профессор 

«біздің мемлекетіміздің негізін қалап берген орыстарға рахмет айтуға тиіспіз» 

деген мағынада бірдеңелер жазыпты. Бұған не дерсің?! 

Сонымен  бірге  дін  тарихын,  соның  ішінде  ислам  тарихын  жазып  отырып, 

дарвинизмнің  жетегіне  қалай  еріп  кеткенімізді  байқамай  қаламыз.  Алланың 

сөзіне  құлақ  аспай,  фетишизм,  анимизм  сияқты  толып  жатқан  «измдер» 

туралы баяндай жөнелуге бейім тұрамыз. Және мұның атын «ғылым» дейміз. 

Дарвинизмнің дәлелденген аксиома, талассыз шындық емес, бар болғаны көп 

болжамның бірі ғана екенін біле тұрып. 

Мұндай  мысалдарды  тарих  ғылымынан  да  көптеп  келтіруге  болады.  Рас, 

тәуелсіздік алғалы бергі жылдарда отандық тарих ғылымы едәуір жетістіктерге 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет