ҰЛЫ ДАЛА тарихы
268
Ориенталистердің ықпалына түспеген ол ислам дінінің халықтың рухани сауыты
екенін жетік түсінді. Ресейден келген миссионерлік саясаттың астарын сезіп,
өлеңдері мен қара сөздеріне дінді арқау етті, «китаб тасдиқ» атты еңбек жазды.
Патшалық билікті төңкеріп тастағанымен, Петр патшадан өткен шовинист
болған Лениннің басшылығындағы большевиктер партиясы да ориенталистік
ұстанымнан ауытқымады. Қаніпезер Голошекинді қазақ даласында «кіші қазан
төңкерісін жасауға» итермелеген де осындай астамшылдықтан туған әрекет
деп түсінген жөн. Бүкіләлемдік төңкеріс ұйымдастырып, шығыстың билігін
уысында толық ұстауға ниеттенген кеңестік жүйе тұсында «шығыстану» ғылымы
қарқынды дамыды. Өзінен бұрынғы ориенталистердің мұрасын игере отырып,
бізге әліппе жасап, грамматикамызды түзіп берді. Мұны жасағанда әрине, өзге
түрк халықтарынан қол үздіруге барынша күш салды. Рухани мұраларға, ұлттық
құндылықтарға қырғидай тиіп, халықтық қалпымызды талқандады. Ауылды
уыздай ұйытып отырған ақсақал мен отбасылық тәрбиенің қайнар көзі болған
әженің «көзін құртты». Мұны жасаған ориенталистер емес әрине, бірақ кеңестік
биліктің Орталық Азиядағы осынау іс-әрекеттерін шығыстанушы ғалымдардың
ақыл-кеңесіне сүйеніп жасағанын да ешкім жоққа шығара алмаса керек. Бұл
үшін үкімет тек Мәскеу, Петербор сияқты қалаларда ғана емес, сонымен қатар
Орталық Азиядағы одақтас республикалардың орталықтарында «шығыстану»
институттарын ашып, оны өзінің филиалы ретінде қолданып, материалдарын
пайдаланып отырды. Отандық ғылымның дамуына өзіндік үлес қосқан бұл
институттарды «ғылымға жаны ашығандық» деп бағалар болсақ, Кеңес Одағы
Қазақстанда «Американтану», «Батыстану», «Еуропатану» сияқты ғылыми-
зерттеу орталықтарын неге ашпады? Американы, Еуропаны, Африканы арнайы
зерттейтін институттар, мекемелер Ресейдің өзінде бола тұрып.
«Шығыстану», «түркология» сияқты ғылым салалары болғанда «батыстану»,
«ағылшынтану» немесе «орыстану» сияқты арнайы ғылым салалары неге жоқ?
Өйткені, бұған «қожайындар» рұқсат етпейді. Біз сияқты «бағынышты болып
үйренген ұлттарды» жақын тартып, алдарқатып, арқадан қаққанымен, оған
өзін тексеруге, мұқият зерттеуге, бүкіл олқылықтары мен осал тұстарын танып
білуге батыс, оның ішінде Ресей рұқсат етпейді. Олар өзін қалай танытқысы
келсе, біз оны солай қабылдауға тиіс сияқтымыз. Сондықтан, онда ақпарат
құралдарында айтылып жатқан оқиғалар мен әртүрлі хабарларды елеп,
екшемей ала беруге құлықтымыз. Əйтпесе, құдай қосқан қоңсы бола тұрып
Қазақстанда арнайы «Ресейтану» орталығының жоқ екенін немен түсіндіруге
болады? Ғылыми-зерттеу орталығы тұрмақ, қазақ арасынан шыққан танымал
«ресейтанушы» бар ма екен? Ендеше, біздің Ресей тарихына қатысты өзіндік
ұлттық көзқарасымыздың болмағаны ғой. «Бүкіл қазақ орысша біледі, біз шет
тілдерін меңгеруде алдымызға жан салаймыз» деп мақтануымыз бекер ме
сонда?
|