Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет257/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

270 


қол  жеткізді.  Мұрағат  қойнауларында  шаң  басып  жатқан  материалдар  жарық 

көріп,  қазақ  халқы  алаш  азаматтарымен  қайта  қауышты.  Кеңес  Нұрпейісов, 

Мәмбет Қойгелдиев, Зардыхан Қинаят, Жанұзақ Қасымбаев, Хангелді Əбжанов 

және тағы басқа ғалымдар іргелі еңбектер жазу арқылы отандық тарих саласына 

қомақты  үлес  қосты.  Оның  үстіне,  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша, 

қазақ халқына қатысты алыс-жақын шетелдердегі дүниелер біршама жиналып, 

жинақталып,  тарих  қатпары  ашыла  түсті.  Əйтсе  де,  еліміздегі  дәл  осындай 

жетістікті әлем тарихы саласы үшін айта аламыз ба? Елімізде мұхиттың арғы 

жағындағы  алпауыт  елді  айтпаған  күннің  өзінде  оған  қарағанда  жақынырақ 

орналасқан Еуропа елдері мен көрші жатқан Ресейді зерттеу бағытында қандай 

еңбектер атқарылды? Бұл мәселеде тұшымды жауап беру қиын. Өйткені, кеңестік 

кезеңде қалыптаспаған бұл сала тәуелсіздік жылдары қаз тұрып кете алмады. 

Бәлкім соның салдарынан болар, біз әлі күнге дейін жоғары оқу орындарында 

дүние жүзі тарихы бойынша Ресейде дайындалған оқулықтарды пайдаланып 

жүрміз. Басқаша айтқанда, біз Қазақстанның болашақ ұрпағын Ресейлік көзқарас 

пен  таным  бойынша  тәрбиелеп  жатырмыз.  Яғни,  отандық  оқу  орындарында 

Ресейдің идеологиясын тегін, өз қаражатымызбен жүргізіп жатырмыз. Бұл орайда 

біздің Жапонияға, Үндістанға немесе АҚШ-қа деген өзіндік көзқарасымыз жоқ, 

мәселеге Ресей қалай қарайды, біз де соның ыңғайына жығылудамыз. Айталық, 

өткен ғасырдың басында соғыс жағдайында болғандықтан, Ресейдің Жапония 

мен  Түркиямен  қырғиқабақ  жағдайда  болғаны  белгілі.  Сондықтан,  Ресейде 

жарық  көрген  ресми  оқулықтарда  бұл  елдер  «буржуазияшыл,  артта  қалған 

ел» ретінде айтылуы мүмкін. Ал ғасыр басындағы қазақ зиялылары, мәселен, 

Мұстафа  Шоқай,  Мұхтар  Əуезов,  Смағұл  Садуақасұлы  сынды  алаштың  текті 

ұлдарының бұл мәселеге басқаша тұрғыдан қарағаны мәлім ғой. 

Əрине,  жоғары  оқу  орындарындағы  жағдай  осындай  болғандықтан,  орта 

білім беру жүйесіндегі дүние жүзі тарихы пәні қайдан оңсын? Осы бағыттағы 

мектеп  оқулықтары  бір  сөзбен  айтқанда  құрастырылған  және  аударылған 

дүниелерден  тұрады.  Өйткені,  бұл  бағытта  елімізде  ұлттық  тұрғыдан  іргелі 

зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Дүниетанымымыз бен әдіснамамыз, көзқарасымыз бен таным-пайымымыз 

батыстық  бағытта  қалыптасқандықтан  және  іргесі  ориенталистикамен 

қаланғандықтан  отандық  ғылым  мен  білімнің  ұлттық  негізі  туралы  сөз  қозғай 

аламыз  ба?  Əрине  жоқ.  Біздіңше,  гуманитарлық  бағыттағы  ғалымдардың 

тәуелсіздік алсақ та төтесінен түріп тың идея айта алмай, тұтығып, кібіртіктеп, 

саясаткерлердің  соңынан  салпаңдап  еріп  келе  жатуының  себебі  де  осында 

жатыр.  Дәлірек  айтқанда,  бізде  тың  идеяларды  әуелі  сұңғыла  саясаткерлер 

айтады,  сосын  кейбір  ғалымдарымыз  оны  «ғылыми  түрде  дәлелдеу»  үшін 

жатып кеп жанталасады. Дүние теріс айналғандай бұл не жағдай? Бұл орайда 

бар мәселе материалдық қыспақта ғана емес, ғалымдардың методологиялық, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет