ҰЛЫ ДАЛА тарихы
296
адамдарын тонап кетті. Кіші жүз Нұралы хан әскер бастап аттанған, сол себептен,
біздің Орта жүз де әскерімізді аттандырамыз» деп жан-жаққа хабаршы жіберген,
Осылайша Кіші жүз Тұңғышы батырмен «әскерлеріміздің басын Чеченқарада
қосып әрі жорыққа бірге аттанайық» деп уағдаласқан. Қабанбай батыр өзі 1757
жылы 15 желтоқсан күні жолға шық қан. Дерек терге қарағанда, Орта жүз қазақ-
тары ның жасақтары Балқаш көлі нің мұз бетінен тікелей жүріп өтпек бол ған.
Балқаш көлінің мұз беті арқылы Сары бел төңірегіндегі қалмақтарға шабуыл
жасау – қазақтардың жиі қолданатын әскери тактикасы болса керек. Өйткені,
мұн дай жағдай 1758 жылдағы Сарыбел шай қасынан жарты ғасыр бұрынғы
қазақ-қал мақ соғыстарында да болған екен.
Сарыбел шайқасы үшін Абылай хан тәмам қазақ еліне жарлық айтып,
қылқұйрық боп аттануға ұран тастайды
513
. Аруақты батырлар мен даңқты қол-
басшылар майданның тактикасын жүйелеп, айла-тәсілмен жауды шырғалап,
қоршауға түсіру, барлау жасау, жаудың ізіне өкшелей түскен манж-цин әскери-
лері мен дипломатиялық байланыстар жасау бағытына күш салған секілді.
Бұл оқи ғаның сұлбасы «Қабанбай батыр» эпо сы ның Қ.Əділбеков нұсқасында
көрініс табады:
«Ел үшін күйзеліпті ер Қабанбай,
«Қалмақтан қалам ба, – деп, – бір кек алмай»
514
.
Батырдың бұл хабарын естіген соң,
Келіпті Тоғас, Қосай, ер Дәулетбай».
Əрі қарай халқына қалқан болған қаһарман ерлердің есімдері былайша
жырланады:
«Мұрыннан келді шауып ер Боранбай.
«Ерінбей ел намысын іздесем» деп,
Шанышқылыдан келіпті Бердіқожа.
Халықтың қанын жоқтап, қамын жейтін,
Келіпті қаз дауысты ер Қазыбек.
Келіпті көкжарлыдан Көкжал Барақ.
«Тамам батыр бас қосты» дегеннен соң,
Келіпті атышулы тентек Матай.
«Қаны сұйық қалмақты жайратам» деп,
Үйсіннен іздеп кепті Сарышуаш...
Хабарын батырлардан естіген соң,
Төреден іздеп кепті хан Абылай»...
513
Сулейменов., Моисеев, 1988, 58 с.
514
Бабалар сөзі, 2013, Т.58 . 252-253 б.
|