Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет281/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

293 


ему  путь»

503


.  Сонымен  қатар  Сарыбелге  қатысты  Цяньлун  императордың 

Абылай сұлтанға жолдаған хатында мынадай деректер сақталған: «Ныне ваш 

посол Чжолэбаласы (Жолбарыс) доложил, /что/ южной границей ваших земель 

является Чжоэрго, а западной – Шалабила (Сарыбел – К.Х.), а Лабуши (Лепса) 

/находится/ между ними»

504


.

Демек,  жоғарыдағы  деректен  аңғарға нымыздай,  қырғыздардың  қонысына 

жақын жерде орналасқан бұл Сарыбел – «Он үш бағаналы Цяньлун қартасында» 

көрсетілгендей,  Күрті  өзенінің  басталған  тұсы,  Кекілік  тауы  мен  Суық төбенің 

Қастек асуымен ұштасатын ай мақ тың жалпы атауы. Жер жаннаты Жеті судың 

төріндегі осы аймақта жоң ғар-қалмақтарға қарсы үлкен жорық басталған. 

Біз  осы  қастерлі  мекенде  жоңғарды  жер  жастандырған  қазақтың  біріккен 

әскери қолының жорығы туралы сөз етпекпіз. Бұл заман туралы әйгілі Бұқар 

жырау: 

«Кіші қара қалмақ бүлерде, 

Бұлт бұрқан болысты... 

Буыршындай тіздесті, 

Жамандықты іздесті», – деген ғой. 

Сарыбел  шайқасы  уақыт  тұрғысы нан  дәп  осы  тұсқа,  жоңғар  мемлекеті 

алауыздыққа ұшырап бытырап, Цин им пе рия сының жер қайысқан жазалаушы 

ләшкері тап берген талмау тұсқа орайлас келеді. Халық жырында: 

«Лабачы деген бір елді, 

Анты менен улатқан. 

Еренші мен Серенді, 

Тозғындатып шулатқан», – деп мадақ тай ды дана Абылайды. 

Халықтың Лабачы деп отырғаны Əмірсанаға басында одақтас, соңынан тақ 

таласы  кезінде  қас дұшпаны болған  бауыры, Жоңғарияның ірі  көсемі Давачи 

(Даваач  1753-1755  жж.  билік  құрған  хан),  ал  Еренші  мен  Серендер  белгілі 

қолбасылар, тарихта болған сардарлар

505



Қалдан Серен (Галданцэрэн, 1727-1745 жж. билік құрған хан) қайтыс болған 



соң  Жоң ғария  мемлекеті  билікқұмар  нояндар дың  тақталасының  құрбанына 

ұшырап,  ауыр  бұлғаққа  тап  болады.  Əсіресе  1753-1754  жылдардағы  Жоңғар 

елінде жаңа талас-тартыс қыза түседі. Қалдан Сереннің көзі жұмылған соң Бұқар 

503


 Валиханов, 1961, С. 654.

504


 Восточная дипломатия на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.). Сборник документов и 

материалов, 2015, 136 с.

505

 Восточная дипломатия на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.). Сборник документов и 



материалов, 2015, 98-99 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет