ҰЛЫ ДАЛА тарихы
295
халық жырындағы «Еренші мен Серенді, Тоз ғын датып шулатқан» деген жолдар
осы оқиғаға куә болған жыраулардың аузынан шыққан болса керек.
Əуелі Абылай ханды паналап
511
, содан кейін Ресейге қашып барған Əмірсана
көз жұмғаннан кейін жоңғар қалмақ тары 1755 жылы Құлжадағы Цин патша лық
армиясына шабуыл жасап, генерал Бандиді әскерімен бірге түгел қырып кетеді.
Осы оқиғадан рухтанған олар Батыр-Обашы, Букучаған, Церен, Цебек (Себек),
Қасақшира, Ужет, Əңгідей, Чохор, Бардамут сынды басшыларының ұйыт-
қы болуымен қайта ес жия бастай ды. Осылайша 1757 жылдың соңына таман
Қасақшира мен Ужеттің басшылығымен Сарыбел жеріне жиналып, Жоңғар
хандығын қалпына келтірмек болады. Осылайша 1757 жылдың жазында Церен
мың әскерді бастап барып Ақтау-Ортау жерінде мал бағып жүрген Ұлы жүздің
Манасбай және Қайнатөбет деген екі ауылын шабады. Сонда әлгі екі ауылға
жақын қоныстанған Орта жүздің Наймантай, Жаназар батырлары 500 әскермен
жоңғардың артынан қуып барып, біраз малды кері қайтарып алады. Осыдан
кейін үш жүздің біріккен қолы Сарыбелде шоғырланып жатқан жоңғарға жорық
жасауға бел буады.
Ақтау-Ортау оқиғасынан кейін Церен әуелі өз елін бастап, Лепсі өзенінің
Балқаш көліне құйылатын Чеченқара деп аталатын жеріне қашып барып,
сонан әрі Сарыбелге кеткен
512
. Дереккөздерге қарағанда, осы кезде Сарыбелге
жиналған қалмақтардың саны он мыңнан асқан. Осы жағдаймен байланысты
болса керек, қазақтың үш жүзі бас біріктіріп, күш жинап, жоңғарға қарсы аттанған.
Сарыбелге Балқаштың солтүстігінен аттанатын жасақтар Балқаш көлінің мұз
қатқан бетінен жүріп өтіп, одан әрі Сарыбел жеріне баруды көздеген. Əбіл пейіз
сұлтан бастаған қазақ жасақ тары Көксу, Қаратал жерлерін басып өтіп, Ілеге жетуді
мақсат етіп, 1757 жылы қараша айының соңында аттанған. Бұл бағыттағы топты
Орта жүзден Сарытүгіл батыр, Үмбетей батыр және Кіші жүз Тұңғышы батыр
бастап, олар Қабанбай батыр бастаған топпен Керібұлақ жерінде бас қосқан. Ал
батыстан шығысқа қарай Шу өзенін бойлап, Сарыбел жеріне баруды көздеген
қазақ қолын Кіші жүзден Ерәлі сұлтан бастаған. Олардың бәрі Сарыбелді бетке
алып жолға шыққан.
Алғашқы соғыс Түкжан батыр мен Чохор, Бардамут есімді қалмақ қолбас-
шылары арасында 1758 жылы қаңтар айының ортасында басталған. Түкжан
бастаған екі мыңдық қазақ жасағы жеңіс ке жетіп, жоңғардың 500 түтінін тұт-
қынға алған. Түкжан батыр Сарыбелде соғыс бастар алдында Орта жүздегі өзге
сардарлар да соғысқа жан-жақты дайындық жасай бастайды. Қабанбай батыр
әуелі Таубасар батырды жіберу арқылы Дәулетбай, Қожаберген, Көкжал Барақ
сынды батырларға: «Церен біздің елдің шет жағасында тұратын Кіші жүздің
511
Восточная дипломатия на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.) .Сборник документов и
материалов, 2015, 108 с.
512
Зәкенұлы, 2015, 255 б.
|