ҰЛЫ ДАЛА тарихы
294
жырау айтқандай «Ханын қалмақ жаулаған, Сүйткен қалмақ оңбаған» зобалаң
дәуір басталады. Қалдан Сереннің тұтқынында болып, ақ үйлі аманат салтымен
қоңтайжының қызына неке қидырып, сый-сыяпатпен ішке сертті түйдіріп 1743
жылы босаған Абылай заманның тарпы, дүниенің дүрбелең дүбірін қапысыз
түсінетін, түйсінетін білікке ие болады. ХVІІІ ғасыр бедерінде Орта Азияда
Қалдан Сереннің ай бар-атағын еске салсақ, қаһарлы қон тай жымен мәміле
жасап, тағылым түйген Абылайдың да абыройы асқақтай түседі.
Абылай ендігі жерде Жоңғариядағы әскери-саяси істерге белсенді араласып
отырады. Көкжал Барақ, қыпшақ Қошқарбай, Қожаберген, Жарылғап батырларды
барлауға, ұдайы алғы шепке жұмсап, өзімен одақтас, серіктес болған ірі жоңғар
әміршілеріне жақтасып отырады. Мәселен, 1753 жылы Давачи хан сай ланғанда
өзіне мықты қарсылас бол ған дөрбет нояны Немеке-Жиргалды Абы лай дың
көмегімен талқандайды да, оның ұлысынан 3000 адамды қазақ ханына олжаға
береді, өзі малын бөліске салады
506
.
Сол 1753 жылдың қараша айында, әуелінде одақтас болған Давачи
мен Əмірсана жауласып, Давачи әскер бас тап Əмірсанаға қарсы жорыққа
шығады. Сонда Абылай қазақ әскерін бастап өзіне күйеу болған Əмірсанаға
көмек көрсетеді. Абылай-Əмірсана одағынан 3 мәрте жеңілген Давачи ақыры
Тарбағатай төңірегінен Бұратала (қазіргі ҚХР, ШҰАР, Бұратала) жеріне шегінуге
мәж бүр болады
507
. Осы кезде Омбыдағы Ресей үкіметіне жеткен мәліметтерге
қара ғанда, аталмыш оқиғамен байланыс ты көптеген жоңғар тұтқындары мен
босқындары қазақ жеріне енген. Ал қытай тіліндегі Цин патшалық орда естелігінде
сақталған бір деректе, 1754 жылы Абылай Əмірсанаға көмек беру үшін 50 000
әскер бастап жорыққа шығып, Жайырдан Ілеге дейінгі жоңғар қоныстарын шап-
қан. Онда тұрғын отбасы қалмаған» де лін ген. XVIII ғасырда құрастырылған
«Патша бекіткен жоңғарларды тыныш тан дыру жоспарлары» атты қытай мұ-
ра ғат құжаттар жинағының бірін ші кітабында 1753-1754 жылдары қазақтар дың
Бұратала мен Іле төңірегінде әске ри жорықтар жүргізгендігі туралы бір неше
мәрте мәлімет кездеседі
508
. Мыса лы, атал мыш дереккөздің тағы бір пара ғын-
да қазақ Абылай мен қалмақ Батма-Церен, Еренцин 10 000 қазақ-қал мақ әс-
керін бастап Давачиге шабуыл жа сап, Бұратала сынды жерлердегі қарсы лас-
тарын түгелдей тонаған
509
. Сонда Абылай Талқы тауының шығысы арқылы әлгі
тоналған адамдарды кері алып кеткен деп нақты мәлімет қалдырған
510
. Міне,
506
Сулейменов., Моисеев, 1988, 50-51 с.
507
Абуев, 2006, 112-113 бб.
508
Сулейменов., Моисеев, 1988, 50 с.
509
Абуев, 2006, 116-117 бб.
510
Қараңыз: «Документ № 34. 1755, 25 апреля (20 год правления Цяньлун, 3 луна, бинью) Доклад
Амурсаны императору Цяньлуну о сражениях с казахов с войсками Даваци» / Восточная дипломатия
на стыке цивилизаций (конец XIV – 70 годы XIX вв.). Сборник документов и материалов, 2015, 99-100
бб.
|