ҰЛЫ ДАЛА тарихы
298
Ресейге кетуді көздеген. Əңгідей де Бұратала жеріне жеткен. Ал Қасақшира мен
Букучаған Іленің жоғарғы ағысына барып бой тасалауды ұйғарған.
Кескілескен шайқастар 1758 жылдың жаз айларынан кейін де жалғасқан.
Сол оқиғалар арқылы қазақ жұрты жоң ғар-қалмақ қалдықтарын Жетісу мен Тар-
бағатай жерлерінен біржола тазал аған. Осылайша Сарыбел шайқасы Жеті су
жерін жоңғардан азат еткен ұлы жеңіс болды!
Биыл 260 жыл толып отырған Сарыбел шайқасында төрт төңіректен түгел
жиналып, бір тудың астына бас біріктіріп, ынтымақпен тізе қосып жаудың ақырғы
мығым бекінісіне ауыр соққы берген Алаштың айбыны асқақтап, киіз туыр-
лықты қазақтың береке-бірлігі құрыш болаттай шыңдалып, тұтастығы нығая
түсті. Сондықтан ақбас Алатаудың баурайында аруақты Наурызбай, Сұран-
шы, Саурық сынды сұрапыл батырлар мен Сүйінбай, Жамбыл сынды сұңғыла
ақындарды дүниеге әкелген, Сарыбел шайқасы арқылы Алаштың ынтымағын
тербеткен осы қасиетті жерге қазақтың бірлігін арқау еткен еңселі ескерткіш
бой көтерсе абзал болар еді!
Алты Алаштың осы ұйыған ынты мағын 1762-
1763 жылдары Нұралы ханның Цин патшалығына жолдаған хатындағы «Біз
Кіші жүздің Нұралы ханы, Ералы сұлтаны, Досәлі сұлтаны, Айшуақ сұлтаны
және Қарағай сұлтаны боламыз. Біздің қазақтар үш ханға тиесілі болып
бөлінгенімізбен, соғыссақ бәрiміз бірігіп соғысып, бейбiт өмiр сүрсек, бәрiміз
бiрге сүреміз»
518
деген жолдардан да айқын байқауға болады.
Ұлы далада берекелі бейбіт өмірге араға ғасырлар салып аңсап жеткен
алты Алаш ырысты мекенін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Жерұйыққа
айналдырды. Осы абат күнге жету жолында жанын қиған, табаны үзеңгіден
таймаған, найзасы қолынан аумаған тұғырлы тұлғаларымызға түмен мәрте
тағзым етеміз!
518
Еженханұлы, 2013, 289 б.
|