Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет295/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

307 


бастапқыда  ешкім  назар  аудармады.  Алайда,  көп  ұзамай  ел  басшылығы 

жаңа шешім қабылдады. Көштің беті Алатауға бұрылып, ежелгі Алматы деген 

атына қайта қауышқан әсем қала 1927 жылдан бастап Қазақстанның орталығы 

болды. Бұл жолы Алашордаға бітіспес майдан ашқан қызылдар орда сөзінен 

түбегейлі бас тартып, астана сөзін қолданысқа енгізді. Олар «байтақ» сөзін де 

пайдаланбады,  өйткені  «тақ»  сөзінен  тарайтын  бұл  сөз  хандық  дәуірді  еске 

түсіретін еді. Осылайша астана сөзі орда, байтақ деген сөздерге балама ретінде 

пайда болды. Ал арқа төріне тұғырын тіккен Астанамен бірге қазақтың орда сөзі 

«елорда» болып ана тілімізге қайта оралды.

Жаңа  ғасырдың  табалдырығынан  аттар  тұста  қазақ  халқы  өз  астанасын 

орнатты.  Батыс  пен  Шығыстың  ортасына,  Ұлы  Жібек  жолының  бойына, 

Еуразия  кеңістігінің  кіндігіне  орналасқан  астанамыз  өз  бойына  бүкіләлемдік, 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жия  білді.  Осылайша  «табалдырық», 

«империяның,  державаның  орталығы»,  «салтанат  ордасы»,  «шығыс  пен 

батыстың түйіскен тұсы», «бақытты қала», «құтты мекен», «әулие жатқан жер», 

«рухани  орталық»  деген  сияқты  мағыналарға  келетін  Астана  мемлекетіміздің 

тарихи шешімдер қабылдайтын саяси орталығы ғана емес, руханият ортасына, 

мәдениет ордасына айналды.

Расында, бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары 

егіз ұғымға айналды. Тарих үшін он жыл деген қас-қағым сәт болғанымен, он 

жылдың  ішінде  Астана  әділетті,  парасатты  істерімен  әлем  назарын  бірден 

өзіне  аудара  білді.  Əлемдегі  дін  өкілдерінің  басын  қосып,  адамзаттың  ортақ 

мәселелеріне  шешім  іздеуі,  талай  жылдар  бойы  бітім  жасай  алмай  жүрген 

алып  мемлекеттердің  басын  қосып,  оларды  пәтуаға  шақыруы,  өркениеттер 

қақтығысына  мәдениеттер  келісімі  арқылы  жауап  беру  сияқты  іргелі 

әрекеттерімен Астана бүгінде ізгілік мекеніне, руханият ордасына, құтты қалаға 

айналды. Əлемдік деңгейдегі игі, ізгі осындай шараларға ұйытқы болған Астана 

ЮНЕСКО-ның  шешімімен  «Бейбітшілік  қаласы»  атанды.  Еңселі  елорданың 

2012 жылы түбі бір түрк жұртының мәдени астанасы деп танылуы да сөзіміздің 

бір айғағы іспетті.

Астана  -  тәуелсіздігіміз  бен  мемлекеттілігіміздің  символы,  ұлт  болып 

ұйысуымыздың,  жұрт  болып  жарасуымыздың  белгісі.  Жаңа  астана  арқылы 

қазақ жерінің тұтастығы сақталды, қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сеңді бұзып, 

ұлы  көшті  бастаған  астана  қазақтың  бұйығы  тірлігіне  жан  бітірді,  санасын 

сілкіндіріп,  жүрегіне  сенім  ұялатты.  Жаңа  астанамен  бірге  Ақмола  –  қазаққа, 

қазақ  шын  мәнінде  қалалық  халыққа  айналды.  Мәдениет  пен  өркениеттің 

қалада  жасалатынын  ескерсек,  Астана  ұлттық  жаңғыруымыздың  да  басы. 

Сондықтан,  астананың  тағдыры  –  қазақтың  тағдыры,  астананың  мәртебесі  – 

қазақтың  мерейі,  астананың  табысы  –  қазақтың  жеңісі.  Бүгінде  әлемге  әйгілі 

болған Астана арқылы қазақтың да абыройы асқақтап отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет