ҰЛЫ ДАЛА тарихы
311
алы Анадолыға жылыстап жайылған жауынгер түрктердің желмая мініп жер бетін
шар лаған ұлы ойшылы іспетті көрінеді.
Мәңгілік өмір үшін күресу – бұл адамзат баласының ежелгі ақыл-ойынан,
танымынан хабар беретін алыс заманның жаң ғы рығы
520
. Қорқыт ата әйгілі Ги ль-
гамеш сияқты ажалға қарсы ар палысады, өмір суын іздеп, ақыры өлімнің дауасын
іздеп та бады. Ол дауа – мәңгілік өмір жы ры қобыздың күйі. Осылайша Тә ңі рінің
өзіне ұқсатып дара сипат та жаратқан адамның асыл р у хын обыр өлімнің мұқалта
алмайтынын әйгілеп, жалған дүниеде ұлы өнердің мәңгілік екенін айғақтайды.
Қорқыттың өлімге қарсы күресу сарыны – оғыздардың баба жұрты Ұлы далада
айтылатын алтын аңыз. Күл лі адамзат үшін мәңгілік мән ді мәселе болып келе
жатқан шек сіз уақыт, тоқтаусыз тірлік туралы толғаныс Қорқыт атаны қай заманда
да кемеңгер ой шыл дар дың қатарына қосады, ізгілік пен өмір нұрын дәріптеуші
ре тін де өзекті ете түседі. Бұл тура лы М.Əуезов «Дүние жүзі фоль клорында, ескі
мифтік, дін дік ертегі-аңыздарында осы Қорқыт ата сияқты өмір үшін, өлімге қарсы
алысқан бірнеше ұлы бейнелер бар... Соның бірі грек мифінде – Прометей,
осетин аңызында – Амран, үнді аңы зында – Сиддхартха болса, қа зақ ескілігінде
– Қорқыт бола ды» деп жазады
521
.
Сол себепті өркениеттер мен дәуі р лер ді тоғыстырған, Ұлы да ланың бел
ортасында отыр ған қазақ, қырғыз, башқұрт, қарақалпақ, ноғайда Қорқыт ата
аса көне тарихи мәнге ие ежел гі заман өкілі
522
. Қорқыт ата қыр ғыздарда әулие,
тәуіп адам ре тінде бейнеленеді. Қырғыздың кей бір аңызында ол ажалдан қа шып
дүниені кезуші, енді бір аңы зында желмаясына мініп бү гінге дейін жаһанды аралап
жүр ген қасиет иесі
523
. Қазақтың ұғым ын да ол – тек Тәңірге табынған бар лық бақ-
сы лардың атасы, пірі. Қо быз аспабын ал ғаш жасаған ұс та, алғаш күй шығарған
му зы кант, алғаш өлімді жеңген қа һар ман, дү ниенің төрт бұрышын ша рлап жан
мен тәннің, рух пен материяның айқасын ша рпыстырған ұлы ойшыл. Осы-
лайша тұңғыштық пен жа сам паздық мәнге ие Қорқыт бей несі қазақта архаикалық
сипатта. Оның өлімге қарсы кү рес жүргізуі, «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген
қатал тағдырға өнері арқылы тойтарыс беруі адамның ішкі әлеміне оптимистік
қайсар рух дарытады, өнердің құдіретін салтанатты етеді.
Ұлы далада айтылатын аңыз дар да Қорқыттың дүниенің төрт бұрышын
шарлауы, ақыры әлем ор тасы саналатын өзінің туған байтағы Сырдарияға келіп
ажал ға дауа табуы, тұңғыш қо бызды жа сауы көне түрктік ұғым дар дың сілемі
екенін ға лымдар дұ рыс аңғарған
524
. «Саймақтың са ры өзені», Сарыарқа, ұзын да-
рия Сыр ежелгі түсінікте ға лам ның ортасы болып са нал ған. Космос тік кеңістікте
алып бәй терек, көлбеу кеңістікте ұлы өзен түрінде болатынын зерт теушілер
520
Валиханов, 1961. Т.1. С.487. Ауэзов, Соболев, 1961, С. 99-100; Жубанов, 1958, С. 230-231;
521
Əуезов, 1948. 1-т. 90-б.
522
Марғұлан, 1985, 151-б.
523
Кебекова, 1982, 114-115-б.
524
Тұрсынов, 1981, 174-220 бб.
|