Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет323/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

336 


«Сол Қарасай бабамыз,

Еменнен найза алатын.

Қырық мың дұшпан келсе де,

Тайсалмай қарсы баратын! »

583

.

Сүйінбай Аронұлының бұл рухты сөздері мен екпінді жолдары замандастары 



Махамбет,  Шернияз  ақындармен  үндес  болғандықтан,  олардың  жырларында 

қаһармандық рухтың ортақ іздері айқын байқалады. 

Хан емессің, қиықсың,

Қалың елді айдап жеп,

Теріңе зорға сиыпсың...

Қадырың жоқ халыққа,

Аққан судай сұйықсың!

Сүйінбайдың  Тезек  төреге,  Махамбеттің  хан  Жәңгірге,  Шернияздың 

Баймағамбет  сұлтанға  қарата  айтқан  жырлары  негізінен  сарындас,  cабақтас, 

бұл – тар заманның таңба-бедері. Үш ақын да қазақтың мемлекеттілік құрылысы 

жойылып,  енді  оның  орнына  орыстың  ығына  жығылған  қуыршақ  хандардың, 

дәрменсіз  билеушілердің,  сатымсақ  сұлтандардың  отырғанына  наразы  да 

назалы.  Сондықтан  олардың  отты  жырларынан  хан-төрелерге  наразылықты 

ғана  емес,  ел  қамын  жеген  бұрынғы  айбарлы  хандарды  аңсауды  да  анық 

аңғарамыз.

Сүйінбай  –  әлеуметтік  ақын!  Оның  «Қарғамен  айтысында»  отаршылдар 

енгізген, елді ру-руға бөліп, болысқа таластырып қырқыстырған, «бөліп ал да 

билей бер!» жүйесі ащы мысқылмен сыналады:

Біздің де ішімізден жуан шықты,

Бөлінген рубасы уаң шықты.

Шәу қарға, қара қарға, құзғын қарға,

Деп атап таңба басты Дуан мықты.

Қан ақты үшеу ара соғысқан соң,

Ай мен Күн аспандағы тоғысқан соң.

Береке, бірлік деген бізден кетті,

Ағайынды үш мықты қағысқан соң.

Сүйінбай  Аронұлы  қолдан  біржолата  сусып  шығып  кеткен  қазақ  хандығын 

аңсап,  «зар  заман  ақындарының»  ізіне  түспей,  өнернамалық  өзгеше  соқпақ, 

басқаша жол таңдағанға ұқсайды. Оның жауабын өзі жоғарыдағы айтысында 

былай деп жалғайды:

Күн көру осы күні оңай емес,

Теңдік-ау, біз пақырға болар елес.

583

 Аронұлы, 2015, 51-52 бб. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет