Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет322/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

335 


АЛАТАУДЫҢ АҚИЫҒЫ – СҮЙІНБАЙ ЖЫРАУ 

Биыл құрылғанына 550 жыл болған Қазақ хандығының жарқын сәттері мен 

жеңісті  жолдары  жайында  сөз  қозғағанда,  Алаш  тарихының  ақтаңдақтары 

туралы да айтуды ұмытпаған абзал. Бұл орайда, толқымалы терең тарихында 

талай алмағайып замандарды, қилы қанды қырғындарды көрген қазақ халқының 

ең тақсіретті кезеңі ХІХ ғасырда басталғаны белгілі. Орта жүзде Уәли хан 1819 

жылы қайтыс болған соң, І Александрдың жарлығымен 1822 жылы бекітілген 

«Сібір  қырғыздары  (қазақтары)  туралы  жарғы»

581

  күшіне  еніп,  хандық  билік 



ресми түрде жойылды. Аттың жалында туып, арғымақтың тұяғы жеткен жерге 

иелік  еткен  баһадүр  бабалар  елдігінен  айырылып,  отарлық  қамытын  киді. 

Кіші жүзде Исатай бастап, Махамбет қостап шыққан ірі көтеріліс елдің рухын 

оятқанымен, 1838 жылы аяусыз жанышталды

582

. Жетісу жерін паналап келіп, 



халықты қайта біріктіруді көздеген көкжал Кенесары 1847 жылы шәйіт болғаннан 

кейін, мыңдаған жылдар бойы үзіліссіз жалғасып келген мемлекеттілік дәстүрі 

үзілді, ел тарихында бұрын-соңды болмаған қасіретті күндер басталды. 

Міне,  осындай  заманалар  мен  қоғамдық  жүйе  алмасып,  тайталасып-

тартысып жатқан қайшылықты да аса күрделі кезеңде өмір сүрген «кәтепті қара 

нарлар» аласапыран дәуір жүктеген зілмауыр жүкті қайыспай арқалады. 

Зымыраған  заманға  бағынбайтын  заңғар  тұлғалар  болады.  Тектоникалық 

өзгерістер кезінде ұлттық иммунитетті сақтап, жаңғыртатын мұндай пассионар 

тұлғалар  үзілген  үмітті  қайта  жалғап,  өшкен  шоқты  қоламта  арасынан  үрлеп 

маздата алады. Бұл орайда, сөз ұстаған саңлақтар ұлы құдіреттің дара да бұла 

құбылысы іспетті. Біз тақырыбымызға арқау етіп отырған Сүйінбай Аронұлы да 

ұлттың ұраншысы болған осындай бірегей тұлға деп есептейміз.

Алаш  елін  бір  қиырдан  құрсаулаған  патшалық  әкімшіл  өктем  жүйе,  оған 

қызмет  ете  бастаған  мансапқор  болыстар  мен  төрелер,  елді  екінші  бүйірден 

қыспаққа алған Қоқан датқаларының құқайы ақынның жырында өткір сыналады. 

Сонымен бірге, ол ел іргесін бүлдірген шапқыншылыққа қарсы күреске дабыл 

қағып, Сұраншы, Саурық батырлармен бірге атқа мінген жорықшы ақын болды. 

Сондықтан батырларға: 

«Ей, Сұраншы, Саурық,

Қоқанның қолы көп болды,

Жетісуда жатқалы.

Бар жақсыны талап жеп,

Сүбеңе қолы батқалы!», – 

деп ұран тастап, сарбаздарға Қарасай батырды үлгі етеді:

581

 Қазақстан тарихы, 2002. 



582

 Сонда, 343 б. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет