Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет329/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

342 


артықша қасиет деп ұққан. Бұл көне түрктік ұғым Сүйінбайдың басынан да өтеді, 

сол себептен де ақын ешкімнен тайсалмай, тек қана ақиқатты айтып, халықтың 

мұң-мұқтажын сөйлеп өтуге, тағдырдың қалауы бойынша берілген «аманатқа 

қиянат» етпеуге тиіс болады. Осы қасиетті қызметті Сүйінбай ақын абыздықпен 

атқарған деуге болады. Оның Тезек төреге айтысында арқасы қозып:

«Хан Тезек, байлығыңа бас ұрмаймын...

Шын дертім ұстап кетсе айнымалы, 

Басымнан ұшқан құсты асырмаймын!», – 

деуі де ақындық жолдың киелі құбылыс екенін халқына тағылым еткені, табыс 

еткені болар. Өзіне ақындықтың қалай қонғандығы туралы ол былай деген:

Атыңнан айналайын Қызыр бабам,

Түсімде таңға жуық келдің маған.

Білмеймін «өлең» деді, «көген» еді,

Сайрауық құстар келіп төнді маған. 

Аузына  Қызыр-Ілияс  түкіріп,  көк  бөрінің  киесі  жебеген  шайыр  ақындықтың 

сертіне  адал  болды,  Осылайша,  шәкірті  Жамбылдың  жолын  ашқан  батагөй 

абызға  айналды.  Сондықтан  болса  керек,  «пірі  Сүйінбайға  сиынбай  сөз 

сөйлемеген» жыр алыбы Жамбыл:

«Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан, 

Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай», – дейді аруақтанып. 

Сүйінбай  ақын  бір  жырында  өзін  «Айдары  алтын  барыспын»  деген  екен. 

Осы алтын айдарлы барыс Жамбылда қызыл жолбарыс бейнесінде ұласады. 

Тәуелсіздік  таңы  атқанда  сонау  сақтан  бері  үзілмей  жалғасқан  алтын  барыс 

қуатты қазақ елінің бедерлі белгісіне, айбарлы ұранына айналды.

Бұл орайда биыл туғанына екі ғасыр толып отырған ақын:

«Сүйінбай – Алатаудай атым дардай, 

Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай», – 

деп,  тұлғасын  туған  өлкесі  алып  Алатауға  теңеуі  –  өзінің  шын  бағасын 

білгендігі,  болашақ  ұрпаққа  кәміл  сенгендігі  еді.  Расында,  әдебиет  әлемінде 

ақын Сүйінбай бұлтпен тілдескен Тәңіртаудың асқаралы жотасы секілді заңғар 

құбылысқа айналды.

Алты Алаштың арқалы ақыны ғана емес, ұлан-ғайыр аймаққа тұлпарының 

дүбірі  жеткен  көк  түрктен  тамыр  тартқан  көшелі  жұрттың  жалаулы  жырауы, 

семсер сөздің сайыпқыраны болған Алатаудың ақиығы күн өткен сайын биіктеп, 

көк байрақтағы күн астында қалықтай ұшқан алтын қырандай асқақтай берері 

анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет