Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет325/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

338 


Сүйінбай Аронұлын тілге тиек еткенде, айтыс туралы айтпай кету әсте мүмкін 

емес.  Жалпы,  бүгінде  айтыстың  аламанын  қазақ  қыздырып  отырғанымен, 

түрк халықтарының көбінде айтыс өнерінің бар екені белгілі. Айтысты қырғыз 

–  айтыш, әзербайжан  –  дейішме,  мейхана,  түрктерде  –  атышма деп  атайды, 

бәрі  де  ақындардың  жыр  жекпе-жегі  есебінде  қолданған.  Əйткенмен  осынау 

елдерде  Сүйінбай  мен  Қатағандай  екі  елдің  атынан  сөз  додасына  түскен 

ақын тағы да белгісіз. Сондықтан «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» – түрк 

халықтары арасында болған ежелгі замандағы еларалық айтыстың хатқа түсіп 

жеткен жалғыз үлгісі деуге болар. Семсер тілмен сермескен екі ақынның тілі 

өткір, танымы тапқыр, жеңіске деген құлшыныстары да жігерлі, айтыстың сөзі 

де, желісі де шымыр, тастүйін жинақы, тау суындай қарқынды, екпінді. Бірақ бұл 

айтыста Қатаған жүйелі сөз қисынынан жаңылғандықтан аталы сөзге тоқталып, 

уәжге жығылғаны, жеңіліс тапқаны байқалады. 

Əйгілі  айтыс  туралы  қазақ  поэзиясының  құлагері  Ілияс  Жансүгіров  былай 

деп  жазады:  «Сүйінбайды  Жетісудың  қазақ,  қырғызы  біледі.  Əсіресе,  оның 

Қатағанмен айтысы – жалпақ елге тым көп тараған өлең. Мұны әр ақын әртүрлі 

қылып айтады. Қазақ ақыны айтса, Сүйінбайға жеңдіреді, қырғыз ыршысы айтса 

Арыстанбайға (Қатағанға) жеңдіреді»

584

. Академик-жазушы, данышпан Мұхтар 



Əуезов  те  «Сүйінбай  –  айтыс  өнерінің  алтын  діңгегі»  деген  бағасын  осыған 

байланысты айтса керек.

Бұл айтысты алты Алаштың тұтас келбетінен, шежірелік түгел тамырынан 

хабар беретін поэма деуге болады. «Көппін деп айттың, Қатаған, сөзіңнен осы 

ұстайын» деген ақын Қатағанның аузынан қапыда шыққан жаңсақ сөзін өзіне 

қарсы қару етіп жұмсайды, осылайша оны тырп еткізбей жеңеді. Қазақ ұлыстары 

мен руларын сипаттарымен бірге түгел санамалаған шежіре-ақын қалың елін 

«бүтін  дүниежүзіне,  шөгіп  жатқан  мұнармын»  деп  арқалана  жырға  қосады. 

Дүние жүзіндегі мемлекеттер арасында жер аумағы бойынша тоғызыншы орын 

иеленіп  жатқан  байтақ  алашты  қазір  де  осылай  дәріптесек  жарасымды  емес 

пе?!

Қазақтың үш арысын өрелі жырмен өрнектеп түгендеген ақын: 



«Орал тауға бір қонып

Төмендеп қанат серпейін» 

– деп ақиықша саңқылдайды. Алшынның Бақсиық, Сұлтансиық, Қыдырсиық 

бірлестігін тілге тиек етіп: 

«Қара бір тұман үш сиық, 

Бүркіттей түгі түксиіп... 

Бәрі батыр баласы

Қаннан кеуіп көрген жоқ

Найзасының сағасы» – деп әуелетіп әкетеді. Сөзін: 

584


 Аронұлы, 2015, 285 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет