ҰЛЫ ДАЛА тарихы
343
МАРЖАНИ – ЖӘДИТШІЛДІК ЖОЛБАСШЫСЫ
XIX ғасырдың соңына қарай Ресей империясының қол астындағы мұсылман
халықтар арасында өріс алған жәдитшілдік-жаңашылдық қозғалысының негізін
қалаушылардың бірі – татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-
1889 жж.) еді. Ол туралы шәкірттері: «Шихабеддин Маржанидың тәлім-тәрбиенің
тәсілін жаңарту жолындағы пікірлері көптеген қарсылыққа ұшырағанымен, қалың
бұқара халық арасында кең қолдау тапты, ой толғамдары жұртшылыққа жаңа
бағыт берді. Сол арқылы Бұқара медреселерінің таңғажайыптылығы туралы
түсінік талқыланып, мектеп және медреселердің жаңару қажеттілігі айқындалды.
Ойшылдар мен зиялылар бұл қозғалысты тез түсініп, терең ұғынып, мектептерде
жәдитше оқытыла бастады. Татарлар үшін Исмаил Ғаспыралы, Дамолла
Ғалымжан Баруди, Хайруллаһ хазірет Османи, хади Ефенди Атласи, Ахмед
және Ғани байлар сияқты жәдитшілдік ағымының негізін салушыларға үлкен
әсер еткен Маржани хазірет халықты жаңашылдық, жәдитшілдікке бастаған
алғашқы ұстаз болып саналады»
591
.
Дәуірдің озық ойшылы, қазақ халқының жаңашыл бағыттағы алғашқы
өкілдерінің бірі Ақмолла ақын:
«Бірадар, сізге өтінем сәлем жазып,
Көзің сал Маржани ол – темірқазық.
Болмаса құбыла таппай адасарсың,
Қараңғыда жөн білмей, жолдан азып»
592
, –
деп жырға қосқан Шихабеддин Маржани ұлы Абайға және Алаш қозғалысы-
ның қайраткерлерімен бірге өз жалғасын тапқан жаңа тұрпаттағы ұлттық ой-
танымының қалыптасуына үлкен әсер еткен. Сондықтан Абай дүниетанымы
мен оның діни тақырыбында өрбитін толғам-пікірлерінің астары мен мән-
мағыналарына терең бойлап, оны толық түсіне білу үшін оның дәріс алған
мектебі мен ұстаздарына жүгінуге тура келеді.
Сонымен, Шихабеддин Маржани қазіргі Татарстан топырағындағы Япан-
жы ауылында 1818 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген
593
. Оның алғашқы ұстазы
Бұқарада білім алған өз әкесі Бахаеддин болды. Маржани 6 жасында медресеге
барады. 6-10 жастарында араб тілдерін үйрене бастады. 16 жасында әкесінің
медресесінде көмекші мұғалім қызметін атқаруға кірісті. Осы кезеңнің өзінде
Маржани дін мен намазға берілген тақуалығымен қоса, оқыған ғалымдарын
да сын елегінен өткізіп, зерттеу жүргізетін. Сондықтан, Ресейде болған кезінде
және әкесінің медресесінде алғашқы ұстаздық қызмет атқарған тұсында дәстүрлі
591
Қосимов, 1992, 128 б.
592
Ысқақов, 2007.
593
Қыдырәлі, 2008, 115 б.
|