Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет326/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

339 


«Жүре алмассың жалғанда, 

Күнің қандай болады, 

Ноғайлыға барғанда» – деп түгел түрктің бауырластығын тағы да арқау ете 

аяқтайды.

Сүйінбай – арқалы ақын ғана емес, ержүрек батыр да. Оның көзсіз ерлігін 

осы  айтыстан  айқын  аңғаруға  болады.  Əлі  Кенесары  оқиғасының  ізі  суымай, 

екі жақтың ентігі басылмай тұрған кезде өткен аламан айтыста қарсыласының 

қағытпа сөзіне адуынды ақын тосылмай:

...Əуелінде ер Дәуіт,

Ұстаған екен көрікті.

Заты жаман Қатаған,

Мұнша неге желікті.

Жетпіс екі кісімен,

Кербаланың шөлінде,

Шәйіт болған Құсайын,

Өлімге солар көніпті.

Шәйіт болған кісіні,

Тәңірім артық көріпті! – 

деп жауап береді

585


.

Сөз  –  құдірет!  Наполеонның  қарумен  бағындыра  алмаған  жерін  Бальзак 

қаламымен  табындырды,  Шыңғыс  ханның  тұлпарының  тұяғы  жетпеген  жерге 

шоң Шыңғыстың қаламының сиясы жетті. Сол сияқты, жүздеген жылдар бойы 

еншісі бөлінбей келіп, «бөліп ал да, билей бер» деген отарлық қитұрқы саясаттың 

салдарынан арасы ажырап, енді сетіней бастаған ағайынды алаштың арасын 

Сүйінбай және онымен тұрғылас қазақ-қырғыз ақындары өлең-жырды дәнекер 

етіп жіберді. Сондықтан арынды Сүйінбай Алатаудың екі бөктерін ен жайлаған, 

еншісі бөлінбеген қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды. Осыған байланысты 

болса керек, қырғыздың әйгілі ақыны Тоғалақ Молда: 

Екейден шыққан Сүйінбай, 

Ақындар бұған жетпеген.

Қадір тауып қарығанша,

Басынан бақ-құс кетпеген, – 

деп жырлап, ардақты ақынды пір тұтты

586


. Ол «Жамбылға» деген өлеңінде: 

«Жамбылым жаннан асқан ақын екен, 

Айтқаны Сүйінбайға жақын екен», – 

585


 Аронұлы, 2015, 163 б.

586


 Тоголок Молдо, 1970, 130-131 бб.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет