ҰЛЫ ДАЛА тарихы
347
шығармаларында тасаууф ілімі туралы байыппен баға береді. Сопылық
ілімді, жүректі тазалап, рухты тәрбиелеуде сопылық жолдың ерекшеліктерін
құрметтеп, дәріптейді. Алайда, Маржани дүниеқоңыздыққа салынған кейбір
надан шайқылардың пікірге қол беріп, өз айналасында адам жиып, мүриттеріне
білім жолында жаңа бағыт бермейтінін және мұның ғылым мен білімнің дамуына
ең басты кедергі екенін атап көрсетеді. Ол зікір салып, тәуекел мен қанағатты
жалқаулық ретінде қабылдап, жұмыс істемей, тек мүриттерінің арқасында күн
көретін пайдакүнем ишандарды сынға алады. Сондықтан, Абайдың: «күллі адам
һу деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек ... бұл жолдағылар қор болып
кету қаупі бар ...» - деп тариқатқа сын көзбен қарауында да мән бар. Өйткені,
сопылық ілімді жете ұғынбаған сол кезеңдегі шайқы ишандардың арасында
еңбек етпей, тер төкпей біреудің сыртынан күнелту немесе тәркі дүние деп
халықтан мүлдем алыстап, жыраққа кету сияқты жайттар белең алған болатын.
Маржани мен Абайдың сынға алып отырғандары осындай жолды ұстанғандар.
Ал, сопылық ілімді рухани әлем мен көңілдің ілімі немесе жүректің салтанаты деп
қабылдайтын болсақ, шынайы сопылықтың негізгі бағыты кемел адам тәрбиелеу
болып табылады. Кемел адам, Абайша айтқанда, толық адам – кісілікке жат
қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани артқан,
мүлтіксіздіктің қалыбы мен жаратылыс негізіне мейлінше жақындаған асыл
адам. Ол – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар
үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік. Кемел адамның ұстанымы
– Мәуләна Румидің сөзімен айтқанда, халық ішінде хақ Тағаламен бірге болу,
жүрегінде тақ құрған Аллаға деген махаббат сезімі мен көңіліне орнаған ізгілік
нұрын айналасына төгіп, жұртшылықпен бірге қалыпты өмір кешу. Сондықтан,
кемел адам дүниені жүрегінен тәрк еткен адам. Өйткені, Абайша айтқанда, «қай
жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмалат жоқ»
600
.
Жалпы сопылық ілімге сол кезеңнің көптеген жаңашыл ойшылдары ден
қойған еді. Мысалы, Троицк аймағындағы жәдитшілдік ағымының ірі өкілі
Зайнуллаһ Расулидің нақшыбанди тариқатының Еділ-Жайық бойындағы ең
атақты шайқыларының бірі екендігі бізге белгілі. Сондай-ақ, Зайнуллаһ Расули
батасын берген шәкірттерінің бірі Халил ишан әйелі Ханифа ханыммен бірге
Тобольск аймағындағы Ялутар оязына қарайтын Турба елді-мекенінде алғашқы
жәдит мектебін ашып, ұл және қыз балалармен қатар ересектерге де дәріс
берген. Қысқа мерзім ішінде сол аймақта ғылымның, діни ілімнің және сауданың
өркендеуіне үлкен септігі болған оның қызметі «ишан кереметі» ретінде
бағаланған. Сонымен қатар Алимжан Баруди, Рызаеддин бин Фахреддин және
Мұса Жаруллаһ сияқты көптеген жәдитшілер сопылық ілімге ден қойған тақуа
кісілер болатын. Ірі ойшыл ғалым Мұса Жаруллаһ сияқты көптеген жәдитшілер
сопылық тәрбиенің арқасында ақыл мен сезіммен қол жеткізе алмайтын
600
Қыдырәлі, 2008, 213 б.
|