Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет336/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

349 


жүйесін жақсы білуі исламдық ғылымдарды және ислам мәдениетін толық білетін 

Маржанидың ой-өрісін одан әрі кеңейтті. Сондықтан Маржанидың жетекшілігімен 

басталған  Татар  ағартушылық  қозғалысының  пайда  болуында  орыс  ғылыми-

философиялық түсінігі мен мәдениетінің ықпалы зор деп айтуға негіз бар. Патша 

үкіметінің әлеуметтік және ұлттық саясатына қарсы шыққан Маржани және оның 

ізбасарлары,  орыс  халқымен,  орыс  қоғамының  демократиялық  орталарымен, 

орыс  ғылыми-философиялық  және  әлеуметтік  орталарымен  бейбіт  байланыс 

құрған  еді.  Маржани  орыс  тілін  білу  мен  орыстануды  ажырата  қарайтын. 

Сондықтан, Маржани орыс тілін үйрену үшін алдымен Исламдық ғылымдарды 

игеріп,  өз  болмысын,  исламдық  танымды  ұғыну  керектігіне  баса  назар 

аударған. Осы орайда, Абайдың орыс тіліне қатысты ойларының Маржанидың 

көзқарастарымен астасып жатқандығын айрықша көруге болады. 

Шәкірттерінің  жазбаларына  сүйенер  болсақ,  сол  кезеңнің  қадамшыл 

молдалары  мен  Маржани  арасындағы  пікір  келіспеушілігі  көбіне  төмендегі  3 

себепке байланысты өрбіді:

Біріншіден,



 Маржани негізінен құран мен хадис іліміне ден қойған. Кейінгілердің 

жолдарын  көп  тексерген,  итиқат,  яғни  сенім  негіздері  мен  ғибадат  негіздерін 

сахаба  кезеңіндегі  мұсылмандардың  жолына  қарап  және  исламның  алғашқы 

ғасырлардағы жағдайларымен салыстырып, соған қарай ой түйген. Өзінен бір 

жайт сұралған кезде Құран мен хадистан дәлел көрсетіп, онда жоқ мәселелер 

сөз  болғанда,  мүжтеһиттердің  сөздерін  саралап,  тексеріп  барып,  әрбір  сөзін 

дәлелмен  айтар  еді.Маржаниға  замандас  болған  өзге  молдалардың  көпшілігі 

риуаяттарға  сүйеніп,  мәселенің  түпкі  байыбы  мен  оның  толық  шешімдерінің 

дәлеліне сүйенбей, пәтуә беретін еді. 

Екіншіден,  Маржани  өз  дәуіріндегі  тәлім  мен  оқытудың  тәсілін  жаңартып, 

мектепте көптеген пәндердің оқытылуын ұсынды. Мектеп-медреселерде өнерді, 

Европада оқытылатын жаратылыстану пәндері мен ғылым-білімді және Ресейде 

өмір сүріп отырғандықтан, орысшаны оқыту қажеттілігін айтатын еді. Сондықтан, 

ілгерілеудің жолы ретінде Ислам дінін жақсы біліп, орыс тілін меңгерген имам-

молдаларды тәрбиелеу керектігін алға тартатын.

Үшіншіден,  Ш.Маржани  қандай  да  болмасын  халық  арасында  құрметке  ие 

болған  белгілі  кейбір  кісілерге,  егер  олардың  пікірінде  ауытқушылық  немесе 

қате болса, өздеріне тіке айтатын. Өйткені, Маржанидың айнымас темірқазығы 

ақиқат болатын. Бұл жолда ол кімге болса да сөзін айтудан қаймықпайтын еді.

Сондықтан Маржанидің пікірлері жаңарту және жәдитшілдік қозғалыстарына 

негіз болды. Маржанидың жолын тек Еділ-Орал бойындағы жәдитшілдер ғана 

емес, түркістандық жаңашылдар да жалғастырды. Сондықтан Абай дүниетанымы 

мен  Алаш  қайраткерлерінің  жаңашыл  бағыттағы  батыл  ойларының  астарына 

терең үңіліп, баға беру үшін Маржани мұрасының жете зерттелуі керек. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет